БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҚУЫРМА-ҚАТТАМА (печенье)
Категориясы: Тағам
Бадам іріктеліп алынып, үккішке салынып ұнтақталады. Арнайы бадам үккіш болмаса, бадамды қантпен және екі жұмыртқаның ағымен араластырып, көзі кішкентай ет тартатын машинкадан 2-3 рет өткізу қажет. Массаға қалған белок қосылып, қалақшамен араластырыла отырып, 45 градусқа дейін қыздырылады да салқындатылады. Содан соң ұн қосылып, ақ қағаз төселген жұқа табаға шағын дөңгелек шелпек түрінде сығып шығарылады. Оның шағын, яғни 10 грамдық, сондай-ақ үлкен, яғни, 40-50 грамдық болуы да мүмкін. Температураны 150-170 градусқа жеткізіп, шағындарын 10-15, ал үлкендерін 20-25 минут пісіреді.
Піскен шелпектер төңкеріліп, қағаздары үстіне қаратылады да, қағаз суланып, бөлініп алынады. Шағын шелпектерді екі-екіден повидломен біріктіруге де болады.
Қамырды қағаз үстіне емес, май жағылып, үн себілген жұқа табаға салуға да болады.
Шикізат әркімнің қалауынша алынады.
Жарияланған-2016-03-11 13:14:43 Қаралды-2569
ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Үгілген сүзбеге бал және жаңғақтың ұнталған дәні қосылып, жақсылап араластырылады.
МЕЙІЗ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ
Жұмыртқаға қант қосып шайқалып, қаймақ, сарымай, тұз салынады. Ұн крахмалмен және содамен араластырылып, әлгі шайқалған массамен қосылады.
ҚЫТАЙДЫҢ ШАЙ ЖАСАУ ТӘСІЛІ
Қытайда шай өсірілген бірнеше ғасырдың ішінде құрғақ шайды қарапайым қайнатудан бастап, шай экстрактысын ілезде ыстық суда ерітуге дейін шай демдеудің талай әдістері сынақтан өткізілді.
ШЫНЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?
Адамзаттың көптеген өнертабыстары сияқты, әйнектің пайда болуы кездейсоқ мәселе болды.
АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?
Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.