ҚАРА АЛХОРЫ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ
Категориясы: Тағам
Күріш күрмегінен тазартылып, жуылады, кептіріліп қуырылады. Мұқият жуылған қара алхоры жартылай дайын болғанша қайнатылады да дәндері алынып тасталып, жіңішкелеп тілінеді.
Қайнап жатқан суға шала пісірілген қара алхоры мен қуырылған күріш салынып, жақсылап пісіріледі. Пісіп жатқанда лимон қышқылы қосылады. Дайын болған тағам дастарқанға қойылар алдында үстіне ерітілген сарымай құйылады.
Бұл тағамға 250 грамм күріш, 330 грамм қара алхоры, 75 грамм сарымай, 0,05 грамм лимон қышқылы, 50 грамм шекер және 400 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-09 15:35:46 Қаралды-2047
НЕГІЗГІ УЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫ ҚАЛАЙ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУҒА БОЛАДЫ?
Улағыш заттар - адамдарды, малдарды, өсімдіктерді және сыртқы ортаны зақымдауға арналған улы химиялық қосылыстар. Зақымдаушы әсерінің сипатына қарай улағыш заттар мынадай топтарға бөлінеді
ЖУГЕРІ ҚУЫРМАСЫ
Жұмыртқа мен қантты 40-50 градусқа дейін қыздырып, шайқау керек. Оны шайқай отырып бөлме температурасына дейін салқындатады.
ҚҰЛАН
Құлан - жылқы тектес тұякты жануарлардың бірі. Құлан «Қызыл кітаптың» қызыл парағынан орын алған. Оның тірілей салмағы 250-300 кг. Етінің дәмділігіне қызыққан аңшылар оны мүлде құртып жібере жаздаған.
ЕЖЕЛДЕН УАҚЫТ ҚАЛАЙ АНЫҚТАҒАН?
Бағзы замандарда қазіргідей сағаттар болмаған ғой. Бірақ уақытты біліп отыру адамдар үшін міндетті түрде қажет еді.