ҚҰРМА САМБУГЫ
Категориясы: Тағам
Жуылып, 4-8 бөлікке бөлінген құрма сүйектері алынып тасталып, үстіне аздаған су құйылады да 10-12 минут бойы қайнатылады. Пісірілген құрма үккішпен үгіліп, құм шекер қосылады да аздап салқындатылып, содан соң жұмыртқаның ақ уызы араластырылады. Құрмадан шыққан ерітіндіге бөктірілген желатин мен лимон қышқылы қосылып езіледі. Үккіштен үгілген құрма пюресі біркелкі массаға айналғанша араластырыла отырып, үстіне сыздықталып ерітілген желатин мен лимон қышқылы құйылады. Дайын болған тағам ыдыстарға құйылып, салқындатылады.
Бұған 700 грамм құрма, 160 грамм құм шекер, жұмыртқаның 100 грамм ақ уызы, 2 грамм лимон қышқылы және 150 грамм су жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 14:56:08 Қаралды-1474
КУРАГАДАН ЖАСАЛҒАН САМБУК

Іріктелген курага мұқият жуылып, салқын суға салынады. 1-2 сағат бөктіріп алынады да дайын болғанша қайнатылып, содан соң үккішпен үгіледі.
МИНИАТЮРА ҚАЙ КЕЗДЕ КЕЗДЕСЕДІ?

Ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі. Ондай суреттерді миниатюра деп атайды.
ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП КЕПТІРІЛГЕН ШАБДАЛ

Шабдал тазаланып, үстіңгі жағынан дөңгелектеліп ойып алынады да қабығы мен сүйегі алып тасталады. Шабдал мен ойып алынған кесегі күннің көзіне немесе пешке қойып кептіріледі.
Көздің көруіне пайдалы суреттер

Көзге сәбіз, қаражидек, көзге арналған жаттығулар және демалыстар пайдалы екендігі барлығына мәлім. Көздің көруіне жақсы әсер ететін ерекше суреттердің бар екендігін білесіздер ме?
ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ

Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы.