ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН КЕКС
Категориясы: Тағам
Сарымай қант ұлпасымен қосып шайқалып, бірінен соң бірі: жұмыртқа сары уызы, сүт, ірі-ірі жаңғақ дәндері, жүзім, ванилин қосылады. Бұл кезде қоспа ұдайы араластырылып отырады. Ең соңында әбден көбік атқанша шайқалған белок пен құймақ жасайтын ұн қосылады. Алынған масса алдын-ала май жағылған кекске арналған формаға салып пісіріледі. Салқындатылғаннан кейін кекстің үстіне арнайы ақ түсті масса жағылып жылтыратылады.
Жылтырату үшін мынадай масса жасалады: бір белок қант ұлпасымен қосып әбден шайқалады, ол әбден көбіктенген соң оған бір лимонның шырыны қосылып қою тартқанша шайқала береді. Содан кейін масса кекстің үстіне құйылып, біркелкі етіп жайылады. Ол қатқан соң кекс кішкентай-кішкентайдан тілінеді.
Бұл тағамды жасауға 100 грамм сарымай, 200 грамм қант ұлпасы, 100 грамм сүт, 150 грамм жаңғақ, 50 грамм жүзім, 290 грамм ұн, дәміне қарай ванилин және үш жұмыртқа жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 15:54:25 Қаралды-2316
ҚИМАҚТАР

Қимақтар - түркі тілдес тайпалар. Жазба деректерде қимақтар туралы VII ғасырдың басынан белгілі. Олар Батыс Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп, қимақтар одағын құрған.
АЙВА САМБУГЫ

Жуылған айва 2-4 бөлікке бөлініп, табаға немесе жұқа табаға салынады. Үстіне аздап су құйылып пісіріледі де үккішпен үгіледі. Қалған сығындыға су құйылып, 8-10 минут бойы қайнатылады
ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...

Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.
«КОУС», «КҮПУ» ДЕГЕН НЕ?

ХVІ ғасырдың басында әйгілі Магеллан Қытайдың оңтүстік пұшпағын басып өткенде отыз күн ойын-сауық болыпты.
САРЫМСАҚ - АС ҚОРЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҚСАРАДЫ

Бронх демікпесін, шеменді, тұмауды, қан қысымының көтерілуін емдеу үшін халық арасында сарымсақ кеңінен қолданылады.