UF

ШЕМАХЛИН МҰТТАҚЫСЫ

Категориясы: Тағам


Ішіне тәтті заттар салып, ашытқы қосылған тоқаш қамырынан жасалған тағам осылай деп аталады.

Бұл тағамды жасау үшін клейковинасының сапасы жақсы ұн пайдаланған дұрыс. Қамырды ашытпай, сүтке илеп дайындалады. Рецепте көзделген шикізаттар мен ашытқы (ол алдын-ала азғана жылы сүтке езіліп алынады) біркелкі масса болғанша иленеді. Оның ылғалдылығы 25-28 процент болуға тиіс. Содан соң ол температурасы 30-32 градус жерде 1-2 сағат қалдырыла тұрады. Дайын қамыр илеуге қолайлы да ыңғайлы болу керек.

Қамыр илеумен бір мезгілде оның ішіне салатын шикізаттар да дайындалады. Қазанға салынған өрік пюресі құм шекермен қосылып ылғалдылығы 35 процентке жеткенше қайнатылады. Пайдаланылар алдында ішіне салатын шикі заттар 25-30 градусқа дейін салқындатылады.

Қамыр 1,5-2,0 килограмнан бөлініп, 4-5 миллиметр қалыңдықта төрт бұрыштап жайылады. Ол ерітілген сары маймен майланады да ені 100-120 миллиметрдей етіліп, ұзынынан лента сияқты тілінеді. Әрбір лента астыңғы жағы енді етіліп, 30-32 грамнан үш бұрыштап бөлінеді. Әрбір үш бұрышты қамырдың астыңғы жағына 4-5 грамнан өрік пюресі салынады. Қамыр ішіне салынған өрік пюресімен қоса түтікше етіліп оралып екі ұшы аздап созылады да құрғатып сүртілген табақшаларға салынып, ерітілген маймен майланады.

Пеш температурасы 190-200 градусқа жеткізіліп, түтікшелер 10-15 минут бойы пісіріледі. Салқындаған соң тағамның үстіне қант ұлпасы себіледі де қағаз төселген астаушаларға екі-үш қабаттан салынады.

Бір килограмм мұттақы жасауға 538,8 грамм жоғары сортты ұн, 107,8 грамм жұмыртқа, 43,1 грамм сарымай, 54 грамм майлайтын сарымай, 161,6 грамм қаймағы алынбаған сүт, 107,8 қант ұлпасы, үстіне себетін 21,6 грамм қант ұлпасы, 4,3 грамм тұз, 0,22 грамм ванилин, 13,5 грамм ашытқы, ішіне салатын 161,6 грамм өрік пюресі және ішіне салатын 107,8 грамм құм шекер жұмсалады.

Дайын мұттақы үстіне қант ұлпасы себілген түтікше формалы болады. Ішіне жеміс пюресі толтырылады. Өзіне тән ерекше дәмі бар. Ылғалдылығы – 20-22 процент.

  Жарияланған-2016-03-02 15:30:13     Қаралды-1797

Мәлімет сізге көмек берді ма

БИДАЙ-ЖҮГЕРІ БӨЛКЕЛЕРІ

...

Сүттен, бидай ұнынан және ашытқыдан қамыр (ашытқы), жүгері ұнынан, судан және тұздан қайнатпа дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК МЕЛИССА

...

Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮСТІРТТІҢ ТАС МҮСІНДЕРІ

...

Еліміздің батыс бөлігіндегі Маңғыстау облысы аумағында орналасқан көтеріңкі, жазық келген Үстірт және оның кемерлерінің пішіндері адам қызығарлықтай. Дүние жүзінде теңдесі жоқ қыраттар мен кемерлер мыңдаған жылдар бойы жел мен судың әсеріне ұшырап, адам т

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СЫРДАРИЯ

...

Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань жоталарынан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан аймағы аркылы өтіп, Қазақстанда Арал теңізіне келіп құяды. Ұзындығы - 2219 км.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫМСАҚ - АС ҚОРЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАҚСАРАДЫ

...

Бронх демікпесін, шеменді, тұмауды, қан қысымының көтерілуін емдеу үшін халық арасында сарымсақ кеңінен қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »