НЕГІЗГІ УЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫ ҚАЛАЙ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУҒА БОЛАДЫ?
Категориясы: Соғыс
Улағыш заттар - адамдарды, малдарды, өсімдіктерді және сыртқы ортаны зақымдауға арналған улы химиялық қосылыстар. Зақымдаушы әсерінің сипатына қарай улағыш заттар мынадай топтарға бөлінеді, негізінен орталық нерв жүйесіне зақымдайтын, адамдар мен малды жүйке сал ауруына ұшырататын улы заттар (зарин, зоман V-газы); адамдар мен малдардың бүкіл организімін жалпы улағыш заттар (симиль қышқылы, хлорциан); теріні зақымдап-іріңдететін улы заттар, олар тигенде адам денесі алдымен қызарады, кейін ол жерде жара пайда болады (иприт, люизит); адамдар мен малдардың тыныс жүйесін зақымдайтын тұншықтырғыш улы заттар (фосген, дифосген); көзден жас ағызатын тітіркендіргіш улы заттар (хлорацетофенон, С препараты); түшкіртетін улы заттар (адамсит); адамның орталық нерв жүйесін зақымдайтын және адамның психикасының және басқа да органдардың бұзылуына әкеп соқтыратын психохимиялық улы заттар. Улы заттар зақымдау әсерін сыртқы ортада сақтау ұзақтығына қарай тұрақты және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Тұрақтыулы заттар өздерінің зақымдау әсерін бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін сақтауымен ерекшеленеді (иприт, люизит, зарин, зоман, V-газы). Тұрақсыз улы зит, зарин, зоман, V-газы); заттар зақымдау әсерін бірнеше минут қана сақтайды (синиль кышқылы, хлорциан, фосген, дифосгең). Улы заттар адам организміне әсер етуіне қарай бірден өлтіретін (жүйке-сал ауруына ұшырататын жалпы улы, теріні зақымдап, жарақаттайтын, тұншықтырғыш), уақытша қатардан шығаратын (психохимиялық, тітіркендіргіш) улы заттар болып бөлінеді.
Жарияланған-2016-02-20 18:06:12 Қаралды-6494
ТЕМПЕРА ДЕГЕН НЕ?
Бұл сөз бояудың атын да, сол бояумен салынған шығарманы да бірдей білдіреді. Темпера дайындалу әдісіне байланысты үш түрге бөлінеді.
РЕПЕЙНИК – РЕВМАТИЗМ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Құрамында илік заттар, эфир майлары, К витамині, пигменттер, ащы заттар, қышқылдар бар.
ҚАҒАЗ ҮЙЛЕР ҚАЙДА САЛЫНҒАН?
Жапонияның кейбір аудандарында үйлер өте жұқа материалдардан салынған
АЛАШ ПАРТИЯСЫ
Алаш партиясы - казақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.). Алаш партиясын кұру жөніндегі мәселе 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында I Жалпықазақ съезінде талқыланды.
ЖЕМІСТЕР МЕН ЖИДЕКТЕРДЕН ЖАСАЛҒАН ЦУКАТТАР
Жемістер мен жидектер жуылып, елекке салынады да сорықтырылып, содан кейін шырынға қосылып дайын болғанша қайнатылады.
ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ
Үгілген сүзбеге бал және жаңғақтың ұнталған дәні қосылып, жақсылап араластырылады.