UF

МЕЙРІМДІ БАОБАБ

Категориясы: Өсімдікті


Африканың жергілікті тұрғындары баобаб ағашын «мейірімді баобаб» деп атайды. Өйткені оның өте жуан діңіне су қоры көп жиналады. Ондағы судың көптігі соншалықты оны теміржол бойында тұратын цистернаның сиымдылығымен теңеуге болады. 1620 жылы Австралия жағалауда апатқа ұшыраған кемедегі теңізшілер жағалаудағы өсіп тұрған үлкен баобабты көріп, оны отқа жағып, киімдерін кептіруге кірісу үшін оның діңін балтамен шапқылайды. Дәл осы кезде баобаб діңінен атқылап су шығады. Онымен теңізшілер әбден шөлін қандырады. Ғалымдардың пікірі бойынша баобаб діңі кем дегенде 120 мың текше су жинай алады. Баобаб қабығының ішкі қабаты өте мықты, тіпті металдан кем туспейтін талшықтармен қапталған. Осы мықты талшықтар орасан мол су қорын сүрегінде ұстап туруын қамтамасыз етеді. Мұндай талшықтардан жасалған арқанды пілдер де үзе алмайды өкен. Сондықтан да, жергілікті тұрғындар «баобаб арқанына байланған піл сияқты дәрменсіз» деген сөз тіркестерін жиі қолданады.

  Жарияланған-2015-12-07 17:18:44     Қаралды-3301

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЕСТУ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Есту қабілетінің арқасында біз айналамыздағы әлем туралы орасан зор ақпарат аламыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛУА ӨНДІРУ

...

Біздің елімізде алуа ежелден өндіріліп келеді. Ол шығыстың тәтті тағамдарына жатады және құрамында 30-35 процент қант, 30-35 процент май, 15-20 процент шамасында азотты заттар болатын сіңімділігі жоғары өнім болып табылады. 100 килограмм алуаның калориялы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Гравюра - бетін белгілі бір өрнек салынған ағаш тақтайдан көшірілген бедер сурет. «graver» - французша бірдеңені ою, нақыштау деген сөз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕТ МҮШЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАЗАҚША АТАУЛАРЫ

...

Мал етін мүшелеуді біреу біліп, біреу біле бермейді. Сол жөнінде әңгіме болғанда этнограф С. Қасиманов былай деген еді:

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ 8 ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Біздің кішкентай бауырларымыз туралы қаншалықты аз білетініміз таң қалдырады!

ТОЛЫҒЫРАҚ »