Германияда қоғамдық көліктің ерекше түрі бар
Категориясы: Көлік
Вупперталь аспалы жол —Вуппертал қаласындағы (Германия) қоғамдық көліктердің бір түрі, ол 1901 жылдың 1 наурызында шығарылған.
Ресми атауы — Ойген Ланген жүйесінің Монорельсті аспалы жолы (нем.Einschienige Hängebahn System Eugen Langen).
Эстадалардағы монорельсті қос тіректі аспалы жүйені білдіреді, жалпы ұзындығы 13,3 км, оның 10 км жолы шамамен 12 метр биіктіктегі Вуппер өзенінің арнасы бойымен өтеді, қалған 3,3 км — шамамен 8 метр биіктіктегі қала көшелері бойымен өтеді. Поездардың ең көп жылдамдығы — 60 км/с.
2013 жылы Вупперталь аспалы жолдың жолаушылар легі 19,308 млн. құрады.
1950 жылдың 21 шілдесінде «Althoff» циркінің директоры Франц Альтхоф жарнамалық мақсатта Туффи пілін монорельсте қыдыртуды шешті (нем. Tuffi). Бірақ, вагонға келген кезде мазасыздана бастады, сонан соң жөнелтілгеннен кейін вагонның бүйір жағындағы қабырғасын сындырып, 12-метр Вуппер өзеніне құлады. Құлағанның нәтижесінде Туффи қатты зақым алмады. Құлағаннан кейін тексеру барысында пілде үрей пайда болған, бірнеше жолаушылар жеңіл жарақаттар алған.
Қазірде оқиға болған жердің жанындағы үйдің («Alter Markt» және «Adlerbrücke» стансалар арасында) қабырғасында құлап бара жатқан пілдің суреті салынып тұр.
Жарияланған-2015-09-24 12:04:00 Қаралды-3723
Ағаш бақасы өзінің тәнін қатырады

Бұндай білгірлік Аляскада жай қажет. Ауаның температурасы төмендеген кезде бақаның қимылдауы қиынға соғады. Осы кезде ол өзін жай ғана қатырады, осы ретте ол тірі күйінде қалады. Ол демалмайды, бірақ жасушадағы сироп тәрізді сұйықтық қатпайды, ол сұйық кү
ҚАЛАМПЫР - ГЕМОРОЙМЕН КҮРЕС

Түрлі түсті қалампыр – шөп тектес өсімдік. Оның жапырақтары өсіп шыққан жерлерінде бунақтары болады, сабақтары жұмыр, түзу өседі.
МАРСТЫҢ ТҮСІ НЕГЕ ҚЫЗЫЛ?

Егер сендер түнгі аспанда өздеріңе қарап жымың қағып тұрған қызыл жұлдыз көрсеңдер бұл - Марс дей беріңдер. Марс - біздің Жердің ең жақын көршісі.
АЛТЫНБЕК ТАПҚАН АЛЫП САҢЫРАУҚҰЛАҚ

2009 жылы шілде айында Қазақстанның халық артісі, әрі сазгер Алтынбек Қоразбаев Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Шалкөде жайлауын аралап жүріп алып саңырауқұлақ тауып алады.