БАЛЫҚШЫ ТҰЙҒЫН
Категориясы: Жануарлар
Балықшы тұйғын - қарағайлы орманның қарақшысы атанған батыл әрі жыртқыш құс. Ұясын биік кәрі ағаштың бұтақтарының діңге жақын жеріне салады. Сондықтан оны табу өте қиын. Ұясының ішіне жіңішке бұтақтарды төсейді. 2-4 жұмыртқадан шыққан қызылшақа балапандары өте мешкей келеді. Тіпті ашыққан кезде күштілері әлсізін жеп те қоятын көрінеді.
Тұйғын орманда да, далада да «ажал» боп тиеді. Ағаш бұталары арасынан көз ілеспейтін жылдамдықпен ұшып келіп, жайбарақат жүргендерді төсімен бүре түседі. Ең ірі құс - меңіреу құр мен дуадақ та бұдан кұтыла алмайды. Тіпті балықтарды да өте шеберлікпен аулайды. Алайда салмағы 4 кг-нан асатын ірі балықтар тырнағымен мықтап шаншылған тұйғынның өзін су астына тартып кетеді екен.
Жарияланған-2015-11-25 22:51:30 Қаралды-5314
ҚАЙМАҚ КЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚҰЙЫЛЫП, ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ
Мұқият жуылған қара алхорының үстіне су құйылып, қайнағанша қыздырылады да содан соң 1,0-1,5 сағат бөктіріп қойылады. Бұдан кейін қара алхорының сүйектері алынады.
ЭСТАМП ДЕГЕН НЕ?
Суретшінің картинасы тек бір ғана дана күйінде сақталатын түп-нұсқа болып есептеледі. Эстамп та сондай түпнұсқа.
ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР: ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ
Қойдың құйрық майы мен бауыры салқын сумен жуылып, тазартылады. Содан соң қазанға су құйылып, отқа қойылады.
ГОТИКА – ГОТТАРДЫҢ АТЫНАН ШЫҚҚАН
ПАРИЖДІҢ қақ ортасында ауыз аштырып, көз жұмғызатын көркем ғимарат тұр. Көкке самғаған асқақ мұнаралар; қабырғадағы ойықтарда - мәрмәр мүсіндер; шатырдын, бұрыш-бұрышына химера деп аталатын құбыжықтар бейнеленген.
КҮНДІЗ КӨРІНЕТІН ЖҰЛДЫЗ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
Бұл - аспандағы ең жарык жұлдыз, жарықтығы сондай, азанда - барлық жұлдыз өшкен кезде Таң шапағымен бірге жарқырап тұрады, ал ақшамда көк жузінде бар жұлдыздан озып, ең алдымен көрінеді.