ҚҰНДЫЗ
Категориясы: Жануарлар
Құндыз - ақылды жануар. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады. Үйінің төбесі судан шығып, астыңғы жағы суда тұрады. Адамдар сияқты бірлесе еңбек етеді. Кейде өзара үндеседі. Қысқа қорек жинайды. Негізгі каруы - 4 күрек тістері. Сол арқылы қоректік ағашты кеміріп құлатып, бөлшектеп тасиды. Ағаш кеміргендіктен тістері үнемі өсіп, өткірленіп тұрады. Құйрығының да атқаратын рөлі зор. Мысалы, суда жүзгенде бағыт, ал қауіп төнгенде кұйрығымен суды ұрғылап, баскаларға хабар береді. Тез жүзуге, сүңгуге де себепші. Жылтыр әрі тығыз орналасқан түгінің су өткізбейтін қасиеті бар. Судан шығып сілкінгенде тез құрғайды. Құндыздың терісі бағалы, еті дәмді. Құйрық ұшындағы безден дәрілік қасиеті бар сұйықтық алынады. Халқымыз ертеректе құндыз терісін бұйым ретінде іліп, бәйгеге тігіп, қыздарының қалың малына да қосқан.
Жарияланған-2015-11-25 21:51:31 Қаралды-2247
НАУРЫЗ – КӨНЕ МЕЙРАМ

Бұл айда көшпелі елдің уміті мен күдігі кезек алмасып, итжығыс халде жүреді. Өйткені қыстан қиналып шыққан малдың бір борандық халі бар, оның өзін көтере алмауы кәдік.
ЖҰМЫРТҚА МЕН СҮТТЕН ЖАСАЛҒАН СІЛІКПЕ

Қантқа қосып араластырылған жұмыртқаның сары уызы қайнатылған жылы сүтпен бірте-бірте ерітіліп, ыстың суға қойылады да, ұдайы араластырыла отырып, аздап қоюландырылады.
АЛМАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Алма жемісінің адам организмінде пайдасы мол. Онда қант, алма, лимон қышқылдары, илік және пектин заттары, А1,В1, С витаминдері бар. Жемісінен повидло, пастила, желе, мармелад, квас, компот, кофе жасалады және шырын алынады.
СУ ТАСҚЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады