БЕРЕЛ КОРЫМЫНЫҢ КЕРЕМЕТТЕРІ
Категориясы: Тарих
Берел қорымы - Қазақстандағы сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Қорым б.з.б. V-IV ғасырларда салынған. Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде, таулы аңғарда орналасқан. Қорымның құрамында 30-дан астам оба бар.
Обалардың бірінен қалың тақтайдан текшелеп, үсті бөренелер мен бірнеше қабат тоз және бұтамен кезектесіп жабылған там табылған. Оның ішінде апалы-інілі - 35-40 жастар шамасындағы ер адам мен 50 жастағы әйел мүрделері табылған. Олардың аса бай салтанатпен безендірілген киімдері көгілдір ақық моншақтармен, жұқа алтын әшекейлермен сәнделген. Қастарына небір әсем тұрмыстық заттар қойылып, 13 мініс сәйгүлігі жерленген. Ең ғажабы, ұзақ сақталатын арнайы өңдеуден өткізіліп, мәңгілік тоңның астына қойылғандықтан, жылқылардың сүйегі мен жүні ғана емес, етіне дейін сақталған. Жылқылардың алдыңғы төртеуіне таутекенің мүйізі қондырылған тері бетперде кигізілген. Бетперденің біреуі теріден жасалған ирек мүйізі бар, имек құс тұмсықты болып келген.
Оған ағаштан ойылған мифологиялық грифон мүсіні қондырылған. Қорымдағы ер-тұрман мен ат әбзелдері де өзінің - енелігімен көз тартады. Бұйымдарға салынған ою-өрнектер, әшекейлер сол дәуірде өмір кешкен бабалардың жоғары дәрежедегі шеберлікке жеткен өнер болмысын танытады. Қазір Алтай тауынан табылған бұл ескерткіштер зерттелу үстінде.
Жарияланған-2015-11-18 17:47:21 Қаралды-12335
ЫРҒАЙ – ҚУЫҚТЫҢ ҚАБЫНУЫНА ЕМ

Гүлдерінен жасалған дәрілер бронх қабынғанда, подагра және ревматизм ауруларына қарсы, буындар сырқырағанда, бүйрекке тас байланғанда пайдаланылады.
ШАХТА ІШІНДЕ НЕ БАР?

Міне, мынау - шахта. Оның көтергішінің төбесінде жұлдызшасы бар мұнарасы мен мұндалап алыстан көрінеді.
МЕЙІЗ ШӘРБӘТІ

Кастрюльге қойытылған сүт, қант және су құйылып, қыздырылады да үздіксіз араластырыла отырып қайнатылады.
БЕКТАУ АТА ҮҢГІРІ

Бектау ата үңгірінің кірер аузы едәуір кең. Оншақты қадам басқан соң үңгір іші кеңіп сала береді. Үңгірдің ұзындығы 60-70 қадам, биіктігі 5-10 метр болғандай, Солтүстік Балхаш жанында орналасқан.
ШЫРҒАНАҚ – АСҚАЗАН АУРУЛАРЫНА ЕМ

Шырғанақ – биіктігі 5 метрге жететін, өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Қабығы көбінесе қара түсті болып келеді.
ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады