ҚАЛҚАН
Категориясы: Тарих
Қалқан - қолға ұстап қолданылатын қорғаныс жарағы. Атына сәйкес денені оқтан, қарудан қалқалау арқылы қорғайды. Көшпелілердің калқандары ат үстінде шайкасуға қолайлы болу үшін шағын, жеңіл етіп жасалған. Қалқанға әр түрлі материалдар: тал шыбықтарын, ағаш тақталары, тері, металл қолданылуы мүмкін. Ішкі жағына екі қайысбау орнатылады. Оның бірін білекке іліп, екіншісін қолға ұстайды.
Қалқанды шыбықтан жасағанда тал немесе басқа да шыбықтардан дөңгелене өріледі де, шыбықтар жіппен оралады. Бұл шыбықтар тері немесе мата астарға жіппен, шегемен бекітіледі.
Ағаш қалқандар ағаш тақташаларды қатарлай қойып, көлденеңінен ағашпен бекітеді. Оның сыртынан немесе ішінен терімен қаптайды. Ағаш қалқандар жалпақ, дөңгелек болып келеді. Кейде жиегін темірмен құрсаулайды.
Тері қалқандар қалың теріден бірнеше қабаттап тұтас етіп жасалады. Пішіні дөңгелек және дөңес болып келеді. Берік болу үшін қалқанның бетіне темір жапсырмалар орнатады.
Темір қалқандар тұтастай соғылып, беті түрлі бедерлер, өрнектер, суреттермен әшекейленеді. Пішіні дөңгелек және дөңес болып жасалады.
Жай уақытта қалқанды қанжығага, ердің қасына байлап алады. Шайқас кезінде шегіне ұрыс салып, артқа бұрыла садақ ату үшін қалқанды арқасына асып алатын болған. Бетпе-бет шайқасқа кіргенде қалқанды қолдарына ұстап соғысқан.
Жарияланған-2015-11-18 16:41:04 Қаралды-9890
ҚАЙМАҚ НЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚОСЫП, ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН ІНЖІР
Інжір мұқият жуылып тазаланады, азғантай су құйылып, лимон қышқылы қосылады. Содан соң қайнағанша қыздырылады да 20 минут ұсталады. Қаймақ пен қант ұлпасы араластырылып шайқалады.
СИЫР ҚАЛАЙ ЖАРАТЫЛДЫ?
Дәстүрлі сенімде төрт түлік кез келген адамға емес, іске, шаруаға қыры бар жанға бітетіндігін қазақ «Сиыр қалың нуға, қоры үзілген қуға бітеді» деп мақалдаған.
КҮЛКІМЕН ДЕ КІСІ ӨЛТІРУГЕ БОЛАДЫ (КАРИКАТУРА)
Жеке бір адамның, не белгілі бір топтың жағымсыз мінезін келеке қылу - карикатураның мақсаты.
ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ВИТАМИНДЕР КӨЗІ
Витаминдер - биологиялық жағынан өте сіңімді болатын, адамдар мен жануарлар организмдерінің тіршілігі үшін өте қажетті заттар. Қазіргі уақытта 40-тан астам витамин түрлері белгілі.
АНИМАЛИСТ ДЕГЕН КІМ?
ЖИДЕК іздеп орманды шарлап-шарлап әбден шаршаған кішкене қонжық кенет отыра кетті. Суретшінің шебер қолы қонжықтың ұйпа-тұйпа мамық жүнін, таңғала қараған аңғал көзін айнытпай жеткізген.
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ
Рим империясы құлағаннан кейін бірнеше жүз жылдарға созылған орта ғасыр дәуірі орнады. Ол кезде шіркеу тек жеке адамдарға ғана емес, мемлекеттерге де өктемдік етті.