UF

Майкл Джорданды мектептегі басткебол командасына әуел баста қабылдамады

Категориясы: Спорт


 

Тоғызыншы сыныпта Джордан жақсы баскетболшы болып үлгерді. Әйтседе, ол кезде оның бойы жетпеген де еді (1978 жылдың жазында оның бойы 175 см болған), Майкл өте шапшаңдығымен және ынтасымен ерекшеленді. Ол Эмсли Лэйни жоғары мектептің баскетбол командасына баруына талпынды, бірақ, тренер Джорданның ойын сапасын жоғары бағалап, әйтсе де, одан үлкендеу және мықтырақ балалардан тұратын команданы құруды жөн санады.

Майкл командаға қосылмағанына өте қатты ренжіді, ол тренерге қателескендігін көрсету үшін, мектептегі жасөспірімдер командасының жарыстарына бар күшін салып жүрді. Қорғаушы ойыншы позициясын ойнап,  Джордан ойынның жоғары деңгейін көрсетіп, орташа 28 балл жинады. Келесі жаздың бәрінде ол барынша күш жұмсап жаттықты және 10 см-ге өсті. Оныншы сыныпта Майкл американдық футбол бойынша мектеп командасы үшін ойнады, жеңіл атлетика бойынша жарыстарға қатысты, сондай-ақ бейсбол да ойнады.

Майкл орта мектепте нашар оқыды және баскетбол ойнау үшін тіпті сабақтардан да қашып жүрді, жоғары сыныптарда ол оқуына қайта кірісіп, өзінің орташа баллын көтерді. Әсіресе оған математика және басқа да нақты ғылымдар оңай болды.

186 см-ге дейін өскен Майклды он бірінші сыныпта баскетболдан мектеп командасына алды, ол жерде 45-ші нөмірмен оның ағасы Ларри де ойнады. Майкл өзіне 23-ші нөмірді алды, ол ол нөмірді ағасы сияқты жақсы спортшының ең болмағанда жартысындай болуы үшін ниетінің бар екендігін көрсетіп таңдады.  Ол осы нөмірмен өзінің барлық мансабы бойы ойнады.   

  Жарияланған-2015-09-24 09:51:18     Қаралды-1351

Мәлімет сізге көмек берді ма

МИПАЛАУ - ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАРҒА ТАРТЫЛАДЫ

...

Мипалау көбінесе құрметті қонақтарға қазақша еттен кейін тартылады. Сол кісілердің рұқсатымен бүкіл дастарқан басындағылар ауыз тиеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЛ ДОБЫ

...

Қол добы спорт ойынының пайда болуы даниялық Нильсендер отбасындағы кездейсоқ жағдайға байланысты

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕ ДОЗАСЫ

...

Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Иондаушы сәуле дозасы төмендегіше бөледі: Жұтылған доза - сәуле алған ортаның масса бірлігі жұтқан иондаушы сәуленің кез келген түрінің энергиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕКІРЕ

...

Бекіре (осётр) - аузы кіші, тұмсығы сүйір, дене тұрқы 2 м-ге, салмағы 12- 24, кейде 80 кг-ға дейін баратын көшпелі балық. Теңізде және оған құятын өзендерде өседі. Олар уылдырықтарын сәуір-мамыр айларында өзенге шашқаннан кейін теңізге қайта оралады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАС ӨРІКТЕН ЖАСАЛҒАН САМБУК

...

Өрік мұқият жуылады. Сүйектерінен арылтылып, үстіне аздаған су қосып, үккішпен үгіледі. Өрік пюресіне құм шекер және шикі жұмыртқаның ақ уызы салынып, шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҢҚУРАЙ – БЕЗЕУДІ ЕМДЕЙДІ

...

Таңқурай таулы беткейлерде, бұталардың арасында, тасты жерлерде, сирек ормандардың арасында өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »