ЖЫҒА
Категориясы: Тарих
Ежелгі түркі мемлекеттеріндегі ел билеушілері мен әскербасылар өз дәрежелерін білдіру үшін бас киімдеріне құстардың қауырсынын таққан. Ол жыға деп аталады. Жығалар бас киімнің маңдайына немесе желке тұсына, кейде екі шеке тұсына шаншылады. Соғыс кезінде батырлар жығаны дулығаның төбелдірігіне де орнаткан. Жығаны дулығаға бекіту үшін темір түтікше орнатылып, оған әсемделген кауырсын қадалатын. Кейде дулыға жығалары қауырсын пішінінде тұтас металдан да жасалып, түрлі асыл тастармен, қымбат металдармен әшекейленген. Жыға әскербасының атақ-дәрежесіне қарай біреу немесе бірнеше болып келген. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» бас киімінің маңдайында қауырсын пішінінде жасалған төрт алтын жыға орнатылған. Екі шекесіне екі ұзын қауырсын жыға тағылған қазақ батырынын дулығасы Орталық мұражайда сақтаулы.
Жарияланған-2015-11-17 18:22:02 Қаралды-2556
ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.
600 ЖЫЛ ЖАСАҒАН ШЫНАР

Шыршық өзенінің жоғары ағысында алып шынар ағашы бар. Шынардың үлкендігі сонша, бірталай адам қол ұстасып тұрып құшақтаса да, құшақтары жетпейді екен. Көлеңкесіне бірнеше жүз адам бір незгілде демалатын көрінеді.
ПАЙҒАМБАР НЕГЕ БАЛДЫ (ӘСЕЛ) ТАҢДАМАДЫ?

Расында, ең шырынды гүл мен шүйгінді шөптен жиналатын балдың адам денсаулығына пайдасы зор екені бесенеден белгілі.
СПЕЛЕОЛОГИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Спелеология - үңгір тану. Үңгірлер туралы ілім. Бұл - дәл осы мағанасында бүгінгі ғылым тіліне орныққан ұғым. Орныққанды айтамыз-ау, спелеологияның өзі сала-сала болып, небір ғылыми пайымдауларға өріс ашып беріп отыр.
СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Тәуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының, әсіресе, Алматы және Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ірі-ірі әкімшілік ғимараттары мен тұргын үй кешендері, көптеген жаңа ескерткіштер пайда болды.
ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК – КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАҒАМДАРЫНЫҢ БІРІ

Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуы оңай, тамақтық қуаты мол, берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі - ірімшік.