СҰҢҚАР
Категориясы: Жануарлар
Қазақтың кәнігі құсбегілері сұңқардың өзін бірнеше түрге бөліп, түр-түсіне, мінез-бітіміне орай саралай білген. Мәселен, ак сұңқар, ақ бас сұңқар деп атайтын болған. Сол атауларына орай, сұңқардың сырт түсі әр түрлі болып келгенімен, тұлға-бітімінде, мінез-қарымында түрлі болып келгенімен, тұлға-бітімінде, мінез-қарымында көп айырмашылық болмайды. Солай болғанымен, казак құсбегілері ақ сұңқарды қолға түсіруге тырысқан.
Ақ сұңқардың түсі ақшылтым сұр, жон жағы көк сұр, омырау алқымы шұбар болады. Қазақстанда қара сұңкар ак сұңқарға қарағанда жиірек ұшырасады. Мұның түсі кара сұр, қара бояуы жасылдана құбылып тұрады. Қабағынын үсті ақ шулан, жолақ болып келеді. Ал ақ бас сұңқардын сыртқы түр-түсі қара сұңқарға ұқсас. Тек қабақ үстіндегі - жолағы мен самайындағы ақ сағал ашықтау, ақтау болып біткендіктен қазақ құсбегілері айырып атау үшін ақ бас сұңқар деп атайды. Жақсы бап, қайыру көрген сұңқар үйрек, қаз алады. Алатын құсын тек қана жасқап ұшырып барып, ауада теуіп лреді. Сұңқарлардың дене тұрқы - 45-55 см, салмағы - 800-1200 г болады.
Жарияланған-2015-11-17 15:03:03 Қаралды-21054
АТАҚТЫ ХИМИКТЕР
Химия ғылымын зерттейтін және түрлі химиялық реакциялар мен химиялық заттармен жұмыс істейтін адамды химик деп атайды.
МОЗАИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРДІҢ БІРІ
Ол смальта немесе басқа бір асыл шынының түрлі-түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.
ШЫҒЫС АЛУАСЫ
Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.
КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)
Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.
СҮЗБЕ МАССАСЫ
Сүзбе жақсылап араластырылып, үккішпен үгітіледі де қаймақ, қант қосылып, бәрі жақсылап араластырылады.