UF

ОРАЗА АЙТ

Категориясы: Дін


Отыз күн ораза біткеннен кейін рамазан айының жалғасы ретінде үш күн ораза айт мейрамы өтеді. Айттан бір күн бұрын «арафа (арапа)» күні болады. Сол күні мерекеге арналған бауырсақ, шелпек пісіріледі. Арафа күні үй ішін тазалап, мерекеге дайындық жұмыстарын жасайды және балаларға арнап жаңа киімдер тігіліп, ас молынан пісіріледі.

Ораза айттың бірінші күні мұсылмандар таң атпастан мешітке барып, айт намазын оқиды. Айт намазынан бұрын азаншы мұнараға шығып, бірнеше рет «Намаз мерзімі болды, намаз басталды», - деп хабарлайды. Айт намазына қарияларды балалары ертіп апарады. Жастар да айт намазына қатысу үшін мешітке барады.

Адамдар бірін-бірі «Айтқабыл болсын!», «Айтыңыз мүбәрәк болсын!» деп құттықтап, тілек айтады, ашу-араздық болса, татуласады, қателігін кешіреді.

Айт күндері әркім таза жүруге, әдепті сөз сөйлеуге тиіс, бұл жақсы әдет ары қарай жалғасын тауып жатады. Адамдардың бәрі мерекелі киімдерін киіп, бір-бірінің үйіне қонаққа барады.

Әр үйде дастарқан жайылып, айтқа арнайы пісірілген тағамдар мен дәмді-тәттілер келген балалар мен айттап келуші қонақтарға таратылады. Әр отбасында аруақтарға арнап дұға оқылады, «Құран Кәрімнің» біраз сүрелері айтылады.

Ауылды жерлерде балалар топ-топ болып айттап жүреді. Үй иелері оларға сыйлық береді, айттың тамағынан дәм татқызады.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан осы дәстүрі қазіргі кезде ауылды жерден қалаға да тарап жатыр.

  Жарияланған-2015-11-16 19:21:28     Қаралды-4120

Мәлімет сізге көмек берді ма

БҮРГЕН (ШӘҢКІШ)

...

Бүрген – биіктігі 3 метрге дейін жететін бұталы өсімдік. Қабығы қызыл қоңыр, жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, үш, бес салалы, сабақтары ұзын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

8 ТҮРЛІ ПАЛАУ ДАЙЫНДАҢЫЗ

...

Шағындау қазан отқа қойылады да, май салып қыздырылады. Май қайнай бастағанда сақиналап, ірілеу етіп туралған...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМ ТЕРІСІ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Биологтар мен дәрігерлер адам терісін бұрыннан зерттеген және оның бізден ешқандай құпиясы қалмаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБАТТАЛҒАН ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН АЛМА

...

Қабатталатын қамыр былай дайындалады: суға тұз және лимон қышқылы салынып, ерітіледі, жұмыртқа және ұнның оннан тоғыз бөлігін қосып қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБАТТАЛҒАН ПАХЛАВА

...

Ішіне жаңғақ салып, ашытқы қосылған қамырдан жасалған май мен балға салынған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИМОНАДТЫҢ ОП-ОҢАЙ РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Ыстықта шөліңізді басатын қарапайым лимонадтарға арналған 11 рецепт

ТОЛЫҒЫРАҚ »