ИСЛАМ ДІНІ
Категориясы: Дін
Әлемнің түрлі нәсілді, ұлтты, тілді 1 миллиард 800 миллионнан астам халқы ұстанып отырған ислам діні VII ғасырда Жазиратул-л Араб деп аталатын Араб түбегінде дүниеге келді. Аллаһ Т ағала қасиетті Құранды осы елдегі Құрайыш тайпасынан шыққан Абдолланың баласы Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымызға уахи етті. Ислам жаһандағы жанға қайырым, әділдік пен мейірім, игілік пен ізгілік тілейтіндіктен жүректерге жол тапты. Ол адам баласын жақсылық жасап, рухани тазалық пен ізгілік дәнін себуге үндейтін гуманизм діні болғандықтан, VII-VIII ғасырларда-ақ Азия, Африка және Еуропаның да біраз жерлеріне тарап үлгерді. Бірте-бірте жаңа дін Мәуереннаһр деп аталған Орта Азия өлкесіне де жетті. Сөйтіп, ислам ІХ-Х ғасырларда сүнниттік бағытта түркілер әлемінде де нығая түсті.
Қазақ халқы жартылай көшпелі, жартылай отырықшы өмір сүрді. Сондықтан ислам дінінің кең-байтақ елімізге тарауы, қанатын қатайтып, түпкілікті тұрақтауы бірнеше ғасырларға созылды.
Ислам діні, әсіресе, Өзбек хан шамамен (1280-1342) тұсында ресми дінге айналғандықтан ықпалы күшті болды.
Арғы түркілердің Тәңірі, парсылардың Құдайы, арабтардың Аллаһы әртүрлі тілдерде қолданылғанымен, бір ғана мағына береді. Қазақтар «Тәңір жарылқасын! Құдай сақтасын! Аллаһ Тағала байлық-береке берсін!» деп дуалы сөздердің үшеуін қатар пайдаланады. Осындағы әрбір жағдайда жоғарғы Құдай - Көк кұдайы - Тәңір мегзеліп тұр. Мұсылмандықты қабыл алған соң да қазақтар өз тамыр-тектерін, өздерінің басты діні болған тәңіршілдікті ұмытпаған.
Жарияланған-2015-11-16 18:48:22 Қаралды-3618
МАЛАЙСАРЫ БАТЫР

Малайсары (шамамен 1700 жылы дүниеге келген, 1756 жылы қайтыс болған) - Орта жүздің батыры әрі биі. Шыққан тегі - Орта жүздің арғын тайпасының бәсентиін руынан. Акесі Тоқтауыл - батыр, балуан болған кісі.
АЛМА АДАМНЫҢ ЖАСЫН ЖАСАРТАДЫ!

Соңғы жылдары Улыбританияның Норрич қаласындағы Тағам зерттеу институтының ғалымдары алманы тұрақты турде жеп жүру адам ағзасын жасартып өмірін ұзартатыны туралы өз жаңалықтарын жариялады.
ҰЛЫБРИТАНИЯДА НЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ?

Ұлыбританияда көптеген тыйымдар бар, кейде ең оғаш және күлкілі, ұзақ тарихы бар.
АЛВАХАЗИ

Қайнатылған ара балынан түрліше, яғни сақина, сегіздік, бұрама, т. с. с. етіп жасалған кәмпит осылай аталады. Түсі жібектей жылтыр реңді, ашық сары болады.