СЕМЕИ
Категориясы: Тарих
Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.
Каланың XVI-XVII ғасырлардағы аты - Доржынкит. Доржынкит қазіргі Семей қаласы тұрған жерден сәл жоғары, Ертістің оң жағасындағы дөңестің үстіне орналасқан. Түмен каласының мұрағатынан табылған дерек бойынша, 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі осы жерде жеті сарай салдырғандықтан, қаланың аты «Доржынкит» аталған. Семей қаласының орнында орналасқан жеті шатыр (Доржынкит) сарайлары патша үкіметінің ресми құжаттарында «Тас мешіт» деген атпен XVI ғасырдың басынан телгілі.
Егтіс өзеніне ТМД елдері бойынша ең үлкен аспалы көпір салынған. Семей - еліміздеі ғылым-білім орталығының бірі. Онда Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы «Семей» университеті, Мемлекеттік медицина академиясы, Мемлекеттік заң институты, Қаржы-экономика институты, т.б. жоғарғы оқу орындары бар.
Жарияланған-2015-11-16 17:26:50 Қаралды-2986
СҰЛЫ – АЯҚ ТЕРЛЕУДІ БАСЫНДЫРАДЫ

Халық медицинасында сұлының сабағынан тер шығаратын, несеп айдайтын, дене қызуын төмендететін, жел шығаратын дәрілер жасап пайдаланады.
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

Бітікші - көшірмеші, хатшы, іс жүргізуші адам. Бұл лауазымды орта ғасырлардағы Орталық Азия мемлекеттері қолданған. Кейде олар басшы қызмет те атқарған.
ТІРІ «МҰРАЖАЙҒА» АЙНАЛҒАН АҒАШ

Бұл ағашты алғаш рет 1690 жылы байқап көңіл аударған Жапониядағы голландия елшісі дәрігер Е.Кемпфер болған. Е.Кемпфер байқап қана қоймай, 1712 жьшы толық сипаттап «гинкго» - деп атаған. «Гинкго" - жапон тілінде «күміс жеміс» - деген мағынаны білдіреді.
ТАҢҚУРАЙ – БЕЗЕУДІ ЕМДЕЙДІ

Таңқурай таулы беткейлерде, бұталардың арасында, тасты жерлерде, сирек ормандардың арасында өседі.