ИІССУ ҚОЛДАНА БІЛІҢІЗ
Категориясы: Сән
Духиді (иіс су) ұқыпты түрде пайдаланыңыз. Оны көбірек пайдалану нашар талғамды байқатып, маңындағыларға ұнамсыз әсер қалдырады. Кейде тер мен бұрын киілген киімнің жағымсыз иісін духидің хош иісімен тұншықтырмақ болады. Мұны жасамаңыз. Өйткені өткір иіс нашар иісті кұшейтеді. Ең дұрысы таза жұру.
Әйел мен еркекке арналған духи иісін ажырата білу қажет. Әйел иісіне: гүлді және орманды хош иістер мен сандал ағашы, т.с.с. өсімдіктер майының, «шығыстың» хош иістері жатады.
Ал еркектерге арналған иіс тобына: лаванда, амбра, мускус және лимондардың иістері жатады.
Сіздің сүйікті духиіңіз хош иісін барынша ұзағырақ сақтауы үшін не істеу керек?
Біріншіден, барлық парфюмерияны духи сериясының бірдей хош иістілерінен пайдалану қажет! Сол иісті өзіңізге сіңіріп алыңыз.
Душ немесе ванна қабылдаған соң, әлі кеппеген теріні эмульсиямен ысыңыз. Дымқылданған теріде хош иіс ұзақ сақталады.
Хош иісті заттарды дененің иісті ұзақ уақыт сяктайтын бөліктеріне: білектің іш жағына, мойынға, тізенің бұгілегін іш жағына және төстің аралықтарына жаққан дұрыс.
Басты жуып болған соң, шашты кептірмес бұрын оған туалет суын аздап бүркіп алыңыз.
Духиді көйлек пен юбканың етегіне жеңіл ғана бұркіп қойыңыз. Хош иісі кемірек болғанымен, теріге қарағанда матада ұзағырақ сақталады. Белгілі француз мәтелін ұмытуға бопмайды: «Ең әдемі әсемдік бұйым - бұл әйелдің жоғары талғамы». Бірден көп және әртүрлі әсемдік бұйымдарын тағып алу - жоғары талғамға жатпайды. Кей кезде 1-ақ тізбек (цепочка) немесе 1 алқа ғана көйлекті түрлендіріп жіберетінін әр әйел білуге тиіс. Егер көйлектің ойындысы үлкен болмаса, 1 алқа немесе сырға тағу жеткілікті. Егер ойынды үлкен болса, екеуін де тағуға болады. Әсем бұйымды сатып аларда ол сізге жараса ма, қай киіміңізге лайық, соны ойлаңыз. Кешке киетін сәнді көйлекке жарқыраған сырға мен түйреуіш әдемі келіседі. Ал күндіз киетін көйлекке үлкен «ерлер» сағаты жараспайды. Оны жеңіл білезікпен алмастырған жөн.
Жарияланған-2024-03-02 13:05:35 Қаралды-868
ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР

Ұста - әр түрлі металдан, темірден тұрмыста тұтынатын түрлі бұйымдар мен шаруашылыққа қажет құрал-саймандар, қару-жарақтар, т.б. жасайтын адам. Кейде ұстаны «темірші», «темір ұстасы» деп те атайды. Ертеректе ұсталарды қара ұста, ақ ұста деп екі топқа бөлг
САБУНИ АЛУАСЫ

Бұл сап-сары болғанша созылған, ұнмен және құйрық майымен араластырылған карамель массасы.
ЖҮЗІМ ШЫРЫНЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН СІЛІКПЕ

Жүзім шырыны қайнағанша қыздырылып, оған құм шекер қосылады да ол ерігеннен кейін лимон қышқылы және алдын ала бөктірілген желатин салынады. Содан соң тағы да қайнатылады.
ЖАҢҒАҚ НУГАСЫ

Бұл жаңғақты мол салып шайқалған кәмпит массасынан тұрады. Жаңғақ нугасы да лимон нугасы сияқты дайындалады.
ҚЫСТЫҢ ЕҢ СУЫҚ АЙЛАРЫ

Қаңтар мен ақпан - қыстың ең суық ай лары. Шаруақор қазақ кейде бұл екі айға жан бітіріп, тіл беріп сөйлетіп қоятыны бар.