ЖАНАРДЫҢ БАБЫ БІР БӨЛЕК
Категориясы: Сән
Айнам көз, қарақат көз, сілеусін көз, күлім көз... Халқымызда көзге қатысты небір керемет, таңдай қақтырар теңеулер жетерлік. Жалпы, қай жұрт, қай адамның да әйел сұлулығын көзбен байланыстыратыны, көзді әсемдіктің сиқырлы кілтіндей көретіні жасырын емес. Ал қос жанарды қалай осы көрген кісі сұқтанар кұйінен тайдырмай, тіпті жас ұлғайған кезде де сыры кетсе де сынын кетірмей ұстауға болады?
Міне, біз әңгімелегелі отырған көз маңындағы терінің күтімі қыз-келіншекке осы ретте көмекке келеді. Негізі көз маңы терісін баптау, сақтау жөнінен өзіне-өзі көңіл толатын әйел бірен-саран. Бұл әрине, түсінікті. Өйткені көз маңының терісі өте нәзік, оған ауа-райы да, күтімнің жоқтығы да тез әсер етеді. Оның ұстіне еріндегі сияқты мұнда да теріні құрғатпай ұстап тұратын май бездері жоқ. Көз төңірегіне беттің басқа тұсына қарағанда әжімнің ерте тұсетіні, тез көбейетіні, бұл тұстағы терінің күлтілдеп, қалталануға, жарылып, ақжемденуге бейім тұратыны сондықтан.
Көбіне әйелдер бетті майлап, сулап күтіп ұстауды көз маңына да күтім жасағаным, оған да осы жетіп жатыр, - деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Көз маңын тазалайтын нәрлендіріп, әрлендіретін заттардың құрамы жалпы өңге қолданылатындардан өзгеше. Бетке жақсы әсер еткен кремнің әлде тазартқыш сұйықтықтың көз маңының терісіне нашар әсер етуі, нәр берудің орнына, нәрінен айыруы әбден мүмкін.
ТАЗАЛАУ
Көз айналасына қолданылатын косметикалық құралдар әдетте жұмсақ, сіңімділігі де аса сезімтал теріге лайықты, өзгешелеу келеді. Мәселен, бұл маңды тазалауға екі тұрлі арнаулы әрлік сүт пайдалану кеңес етіледі. Оның бірінің құрамында сумен жуғанға кетпейтін косметиканы әкететін, өте жеңіл сіңетін май, екіншісінің құрамында сумен жууды алмастырып, теріні жайландыратын өсімдік сөлі, өсімдік экстракты болады. Арнаулы әрлік сүт көз маңына жоғарыдан төмен қарай, еппен һәм жеңіл ысқылай отырып жағылады. Қалай болса, солай сүрту өте нәзік теріге созылып, қалталанып кету қаупін туғызады. Және бір айта кететін жәйт - көз терісіне лайықталған әрлік сүт кірпік тұбін де нәрлендіріп, бекіте тұседі.
НӘРЛЕНДІРУ
Көз маңы терісін нәрлендіруге осы мақсатқа лайықталғаң кремдер мен гелдер қолданылады. Жалпы өңге жағатын әрлік заттардан олардың ерекшелігі майлылығы төмен, еріп, көзге тиіп, тітіркеніс туғызбайды. Гелді негізінен 25-40 шамасындағы қыз-келіншек пайдаланса, кремді әдетте салиқалы жасқа жетіп, өңі әжімдене бастаған әйелдер қолданады. Себебі гельге қарағанда крем әжімге әсерлі келеді.
Гель көз айналасына тұтасқай жаға беруге болады. Алайда оны тазаламай, сол кұйде ұйықтау зиянды. Ондай терінің ісініп, домбығуы ықтимал.
Көз маңына гель де, крем де саусақ ұшын, еппен тигізе отырып қана жағылады, ысқылап, сұйкеп жағуға болмайды. Өйткені жұмсақ, үлбірек тері бір-екі рет емін-еркін сұрттім дегенде кұлтілдеп шыға келеді.
Жанар төңірегіне жағылатын қай әрлік зат та теріні құрғап қалудан қорғайтын майлардың кемуіне жол бермеуге, уақытылы орынын толтырып отыруға қызмет етеді. Тек коньюктивит сияқты көз ауруына, аллергияға соқтырмау үшін оларды әр 4 ай сайын міндетті тұрде ауыстырып қолдану шарт.
КӨЗ АЛДЫНДАҒЫ «ҚАЛТАНЫ» КЕТІРЕТІН ӘДІСТЕР
- Кішкентаа жұқа қағаз қалташадағы қара шаады ыстық суға бір қайнатып, сәл суытып, содан кейін аз уақыт тоңазытқыштың мұздатқышына салып алыңыз да, сол қалташадағы кұйінде көз маңының қалталанып тұрған тұсына басыңыз.
- Мұздатқыштың кішкентай қалыпшаларына мұз қатырып қойыңыз да, көз алдындағы «қалтаға» күнде таңертең соны жүгіртіп алыңыз.
- Аскөкті жас күйінде ұсақтап турап, қабақтың қалталанған тұсына себіңіз, үстін дымқыл мақтамен бүркеп, 10-15 минуттай ұстаңыз.
- Үгітіліп, езілген екі ас қасық картопты дәкеге салып, терінің қалталанып тұрған тұсына 10-15 минут басыңыз. Оны алғаннан кейін құрамында А, Е дәрумендері бар крем жағыңыз да, 10-15 минуттан кейін бәрінің орынын қайнаған қара шайға шыланған мақтамен тазалап жіберіңіз.
Р.S. Көз алды күнде қалталана берсе, ол бұйректегі кеселдің немесе тері бітіміндегі тұқым қуалаған ерекшеліктің салдары болуы мүмкін. Ондайда дәрігерге көріну дұрыс.
Жарияланған-2024-03-02 12:39:05 Қаралды-557
ТОҚЫЛДАҚ
Тоқылдақ – ұсақ және орташа келген орман құсы. Елімізде токылдақтың 9 түрі кездеседі.
ҚҰСБЕГІЛІК
Құсбегілік көңілді, әсерлі, қызығы мол демалыс болып табылады. Осынау киын да қызықты өнерге балалардың жас кезінен көзін қанықтырып, танымын шыңдап отырған. Аңшылық-саятшылық көшпелі өмір салтынын әрі күнкөрістік, әрі көңіл көтерерлік бір дәстүрі болумен
ТАУШҮМІЛДЕК – ЖӨТЕЛ ПАЙДА БОЛҒАНДА
Құрамында эфир майлары, салицин глюкозиді, илік заттар, алкалоидтер, смола, крахмал, қант, салицил қышқылы бар.
АЙДЫ КЕМІРІП ҚОЙҒАН ҚАЙ МЫҚТЫ?
Баяғы замандардан бері адамдар көктегі Айдың неге кейде толып, дөп-дөңгелек боп тұратынын, ал кейде кеміп, жартысы ғана қалатынын, тіпті, жұқарып...
ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ
Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады.
СҮР ЕТ ДАЙЫНДАУ
Сүрлеу дегеніміз – етті қақтап, тұздап сақтау. Сүр ет ерекше дәмді болады. Өзіне тән иісі Өте жағымды.