АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ
Категориясы: Жануарлар
АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ - байырғы жылқы тұқымдарының бірі. Оның шыққан жері Арабия шөлі мен Африканың солтүстік жағалауы. Бұл жылқы 15 ғасырдан бастап бүкіл Европаға әйгілі болды және жылқының көптеген жаңа тұқымын (орлов желгіші, орыс желгіші, таза мініс жылқысы, тракенен, венгер жылқысы т. б.) шығаруға пайдаланылды. Араб жылқысы онша ірі емес, тұяғы берік, өте сымбатты, орта есеппен шоқтығына дейінгі биіктігі 151,9, тұрқы 149,3, кеуде орамы 175, жіліншігінің орамы 19,2 см. Ұзақ жүріске көнбісті және жүрдек (2400 м-ді 2 мин 41 сек-та, 3200 м-ді 3 мин 41 сек, 1200 м-ді 1 мин 18 сек-та жүрген). Араб жылқысы шөлге төзімді, күй таңдамайды. Бұл жылқы жақсартушы тұқым ретінде Қазақстанда, Азербайжанда, Тәжікстанда, Грузияда, Ставрополь өлкесінде пайдаланылуда, Қазақстанда таза Араб жылқысы өсірілмейді.
Жарияланған-2021-07-01 17:16:38 Қаралды-9485
БАЛМҰЗДАҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТАР

БАЛМҰЗДАҚ – барлық дерлік балалардың және көптеген ересектердің сүйікті тағамы.
ГҮЛДЕР НЕГЕ ХОШ ИІСТІ ШЫҒАРАДЫ?

Жарқын түс, аңқыған хош иіс гүлдерге көбелектер мен шыбын-шіркейлерді өзіне шақыру үшін қажеті.
ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ БЕЛГІСІ

Қазақ поэзиясының жұлдызы Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» атты поэмасы бар. Бұл поэмада Құралай сұлудың қайғылы да қасіретті тағдыры суреттеледі.
Плутон зерттелген

«Жаңа горизонттар» - НАСА автоматты планета аралық станса, ол «Жаңа шекаралар» New Frontiers) бағдарламасы шеңберінде ұшырылды және Плутонды және оның табиғи спутнигі Харонды зерделеуге арналған