UF

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

Категориясы: Өнер


БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ - Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы. Түрлі деректерге қарағанда айтыстың сөзін Сараның айтуымен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жазып алып, 1872 жылы баспаға дайындайды. Ол 1898 жылы тұңғыш рет Қазанда басылып шығады. Осыдан бастап 1913 жылға дейін «Айтыс» бес рет басылды. Айтыстың Зайсаннан жіберілді деген 2-нұсқасы 1898 жылы жазылып алынып, 1899 жылы тағы да Қазанда басылады. Бұл нұсқа 1912 жылға дейін үш рет басылған. «Айтыс» оқулықтарға, хрестоматияға енді. «Айтыстың» 1-нұсқасы - 969 жол. Оның 50 жолы - кіріспе, соңғы сөзі - 60 жол. 2-нұсқасы - айтушының сөзін қосқанда 1080 жол. Оны баспаға кім дайындағаны белгісіз. Тек: «Тұтқасы екеуінің - Арғын, Найман. Бұл өлең шыққан екен бірталайдан» деген ескертулер бар. Екі нұсқаның жалпы желісінде, негізгі мазмұнында айырмашылық жоқ. Тарихта үлкен орны бар Біржан-Сара айтысының баспа бетінде мұншама көп жариялануы оның теңдесі жоң аса шебер көркем туынды екенін дәлелдейді. Айтыс өз заманының сыр-сипатын, әлеуметтік бағытын ашық бейнелейді; сонымен бірге Сараның сөзінде сол заманғы қазақ әйелінің мұңзары, бас бостандығы мен еркіндікті аңсайтыны ағытыла айтылады. Бұл мәселе ол заманда тек қана елдің арманы, қиялы, мүддесі еді. Ғасыр бойы жырланып келген, халық мақтанышына айналған Біржан-Сара айтысының шеберлігімен қатар, оның қадір-қасиеті осындай әлеуметтік мәселелерді көтере білгендігінде.

Әдеб.: Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. 2-бас. -А., 1964; Жұмалиев Қ. Халық поэмалары. А., 1939; Кенжебаев Б., Мұхаметханов Қ. Біржан-Сара айтысының авторы кім?. «Жұлдыз», 1959, № 9.

  Жарияланған-2019-12-03 12:16:03     Қаралды-13986

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚ БӨЛКЕСІ

...

Жаңғақ бөлкесін жасау үшін жылытылған сүтке ашытқы қосылып, ол әбден еріп кеткенше араластырылады. Оның үстіне кагор шарабы құйылып, қант, жұмыртқа, тұз, какао, ұн, ұнтақталған жаңғақ салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҢҚУРАЙ ТҮРЛЕРІН ӨСІРІП, ӨНІМ АЛУ ЖОЛДАРЫ

...

Таңқурай жартылай бұталы көпжылдық өсімдік болып есептеледі. Жабайы түрде азғана болса да келең-келі жерлерде жақсы өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЖЕЛГІ ОТЫРАР

...

Есте жоқ ерте заманнан бастап, Сыр бойында қыстап, көктем шыға малын Сарыарқаға, Оңтүстік Сібірге қарай, кузге таман - қайтадан Сырға қарай айдап-бағып күнелтуді дәстүрге айналдырған дала тайпалары өзара тікелей қарым-қатынаста болып келгендіктен, бірте-б

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »