БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ
Категориясы: Өнер
«БІРЖАН - САРА» - М.Төлебаевтың операсы. Либреттосы Қ. Жұмалиевтікі (1946, 2-және 3-редакциясы 1949, 1958 ж. жасалып, қайта қойылды). Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды. Режиссері - Қазақ ССР халық артісі Қ.Жандарбеков, суретшісі - Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері А.Ненашев, дирижері - Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Г.Столяров. Опера либреттосына әнші-композитор Біржан Қожағұлұлы мен Жетісудың жезтаңдай ақын қызы Сараның айтысы арқау болады. Сөйтіп, опера халықтың ілгерішіл арман-мүддесін жоқтаушы, адамның жеке басының азаттығы, творчество еркіндігі ұшін күрескен 19 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген Біржан мен Сарасынды халық онерпаздарының тағдырын жыр етеді. Сюжет жағынан да, музыкалық мазмұны жағынан да шығарма лирика-эпикалық опера жанрына жатады. Опера музыкасын он жылдан артық өңдеп, бірнеше редакциядан өткізген М. Төлебаев Біржан мен Сарасынды өнер өкілдерінің образын сыршыл музыкалық тілінде сөз еткен шынайы, реалистік шығарма тудырды.
Операдағы негізгі тұлға - халықтың әнші-композиторы Біржан. Біржан образын жасауда М. Төлебаев оның халық арасына кең тараған шабытты да асқақ «Айтбай», ызалы да уытты «Жанбота», философиялық терең тебіреністі «Адасқақ», лирикалық әсем әуенді «Біржан сал» сияқты айтулы әндерін творчестволық шеберлікпен пайдаланды. Әлеуметтік әділетсіздігімен, зорлық-зомбылығымен ерекшеленетін сол бір феодалдық заманда өмір кешкен Біржан образын мінездеуде; оның жеке басының трагедиясын ашуда бұл әндер автордың негізгі музыкалық бейнелеу құралы болды. Сара образы шығарманы лирикалық жағынан дамыта түседі, ал оның 3-актідегі ариозасы мен ариясы Сараның түр-тұлғасын, жан-күйін терең тебіреністе суреттей отырып, феодалдық-патриархалдық қоғам жағдайындағы қазақ әйелдерінің басындағы еріксіздіктен, олардың аянышты өмірінен хабар береді. Операда Жанбота бастаған үстем тап өкілдерінің образы Сара мен Біржансынды жағымды кейіпкерлерге қарама-қарсы суреттеледі. Сюжеттің драмалық дамуы, уақиғаның шиеленісуі - операның психологиялық жағынан іштей күшейе түсуі арқылы жүзеге асады. Опера музыкасы бастан аяқ қарама-қарсылыққа, контрасқа негізделген. Композитор классикалық операдағы формаларды (ариозалар, ариялар, ансамбльдер, хор нөмірлері) халықтың салт-дәстүрімен (ақындар айтысы, үйлену тойындағы бет ашар, жар-жар, жоқтау т. б.) шебер шендестіреді. Опера музыкасы мелодиялық тілінің сұлулығымен, поэтикалық тынысының кеңдігімен, ұлттық үн бояуының әсемдігімен ерекшеленеді. «Біржан-Сара» операсында М. Төлебаевтың творчестволық дарын-таланты бар қырынан көрінді. 1949 жылы «Біржан-Сара» операсының авторы М.Төлебаевқа, операда басты партияларды орындаған К.Байсейітова мен Ш. Бейсековаға (Сара), Ә. Үмбетбаев пен Б. Досымжановқа (Біржан), режиссер Қ.Жандарбековке, суретші А. Ненашевқа СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Әдеб.: Виноградов В. Вопросы развития национальных музыкальных культур в СССР. Сб. статей. -М., 1961; Очерки по истории казахской советской музыки, А.-А., 1962.
Жарияланған-2019-12-03 12:10:27 Қаралды-16511
ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
ТҰШ БАУЫРСАҚ
Бұл көбінесе мерекелерде ғана дайындалады. Сүтке, майға, қантқа және жұмыртқаға ұн қосылып, қамыр иленеді.
Ірімшіктен жасалған ай
Мүмкін, Ай тек балалардың елестетуінде ғана үлкен, домалақ ірімшіктің түйірі сияқты пайда болуы мүмкін.
ШҰБАТТЫҢ ДӘРУЛІК, ШИПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Шұбат та қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрулік, шипалық қасиеті де бар.
КҮНДІЗ КӨРІНЕТІН ЖҰЛДЫЗ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
Бұл - аспандағы ең жарык жұлдыз, жарықтығы сондай, азанда - барлық жұлдыз өшкен кезде Таң шапағымен бірге жарқырап тұрады, ал ақшамда көк жузінде бар жұлдыздан озып, ең алдымен көрінеді.