ҚЫЗ ҚУУ
Категориясы: Көңіл көтеру
ҚЫЗ ҚУУ - ұлттық ат спорт ойыны. Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген. Соның бәрінен мүдірмей өткен жігітке «енді қызды қуып жетсең қалыңдығың болады» деген талап қойылған.
Осы «езде қыз куу спорттың бір түріне айналды. Қыз қуудың бұрын тұрақты ережесі болмаған. Қыз қуудан Қазақстанда алғашқы спорттық жарыстар 1923 жылы ұйымдастырылды. Содан бері мейрам, түрлі мерекелердің программаларына енгізіліп жүр. Жарыс ұзындығы 300-400 м, ені 30-40 м тегіс жерде өтеді. Мәре мен сөре бір жерде болады. Айналып қайтатын жерге жалау қадалады. Қыз жігіттің алдында 10 м жерде тұрады, бұдан кейін төрешінің белгісі бойынша жарыс басталады.
Жарыста жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат үстіңде құшақтап сүйеді. Бұл - жігіттің жеңгейі. Ал қуып жете алмаса, қайыра қайтқанда қыз сөреге дейін жігітті және оның атын қамшының астына алады. Бұл - қыздың жеңгені. Жарыс барысында өз атын қарсыласының алдына тоқтатуға, қаптал сызықтан өтіп кетуге, айналып кайтатын жерге жетпей жарты жолдан қайтып оралуға болмайды. Ережені бұзған спортшылар жарыстан шығарылады.
Кыз қуу жарысына қатысушы командалар саны соңғы жылдары көбейіп келеді. Мыс., 1958 жылы 1-бүкіл одақтық ат спорты жарысына Қазақстан командасы ғана қатысқан болса, соңғы жылдары Кырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Азербайжан спортшылары да қатыса бастады. Сол алғашқы жарыста жамбылдық Ж. Жапбарбаева 1-орынға шықты. Ал командалық есепте азербайжаңдықтаралда болды. 1959 жылы Лейпцигте өткен халықаралық жәрмеңкеде СССР-де кең тараған ұлттық ойындардың бірі ретінде Қыз қуудан жарыс еткізілді. Мұнда алматылық Райхан Аблахатова жеңіске жетті.
Жарияланған-2019-10-31 12:34:36 Қаралды-35786
АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ

Археология мұражайы Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме болып табылады. Бұл мұражай 1973 жылы Тарих, археология және этнография институтының жанынан ашылған.
КАРАМЕЛЬ

50 грамм қантпен араластырылған жұмыртқа шайқалады. Үстіне ваниль ұнтағы қосылып, сүт құйылады. Сөйтіп қант әбден еріп кеткенше шайқалады.
«АВЕСТА» КІТАБЫНДА КӨШПЕНДІЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Түркі этнонимі сөз болғанда, біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдықта жазылды делінетін зороастризімнің қасиетті «Авеста» кітабында шығысқа қарай қанатты атпен көшетін елдің «тур» деп аталуы