ҚЫЗ ЖАРЫС
Категориясы: Көңіл көтеру
ҚЫЗ ЖАРЫС - қыздар арасында өткізілетін жарыстың бір түрі. Қыздар жарысты тойда, мереке күндері, келіншектер ұйымдастырып, қайын сіңлілерін, өздерінің сіңлілерін жақын қашықтыққа жарыстырып, озып келгендеріне сыйлық (орамал, білезік, моншақ т. б.) берген. Қыздар жарыс жорға жарысында да өткізіледі. Жарыс тәртібі бойынша жорғаны қыздың өзі ерттейді, ер-тұрманын, жабуын әшекейлейді. Төрешілер мұны да есепке алады.
Жарияланған-2019-10-31 12:29:04 Қаралды-4753
НЕЛІКТЕН ЖАТТЫҒУЛАРДАН КЕЙІН БҰЛШЫҚЕТТЕР АУЫРАДЫ?

Ауыр физикалық күш салудан кейін бұлшықет ауыруы бәріне жақсы таныс...
ЖЕМІС ЧУРЧХЕЛАСЫ

Бұл - аршылған грек жаңғағынан жасалып, жеміс-мармелад қабатымен қапталатын тағам. Түтікшелердің диаметрі 35-40 мм, ұзындығы – 250-260 мм.
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Хоккей ойынына ұқсас ойынды 1866 жылы Канада мемлекетінде әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер (ағылшындар) ойлап тауыпты дейді спорт жылнамасы.
СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?

Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.
АРША

Арша - кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Қазақстанда жабайы 10 түрі бар. Биіктігі - 1-2 м. Қылқаны қабыршақты, тікенекті болады. Өте сирек кездесетін түрі - Зеравшан аршасы.