UF

ЖАҚЫП АҚБАЕВ

Категориясы: Адамдар


Акбаев Жақып (Ақпаев) (1876-1934) «Алаш» партиясын және «Алашорда» үкіметін кұруға белсене катысқан, Алашорда үкіметінің мүшесі болған. Қазакстандағы ұлт-азаттық козғалыстың көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, заңгер, кұқық магистрі. Ол Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1903 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1903-1905 жылдары Омбы қаласында, 1907-1927 жылдары аздаған үзілістермен Семей, Сырдария округтік, губерниялық сот мекемелерінде қызмет еткен. 1907 жылдан Орыс географиялық коғамы Семей бөлімшесінің мүшесі болған.

Ж.Акбаевтың саяси белсенділігінің оянуына 1905-1907 жылдардағы төңкеріс ықпал етті. Бұл жылдары ол митингілер мен жиналыстарда сөз сөйлеп, Омбы, Петропавловск, Гемей, Павлодар, Баянауыл, Қарқаралы қалаларында болған шерулерге қатысты. «Степной край» (Омбы) газетінде патша өкіметін, полицейлердің жүгенсіздігін, шенеуніктердің парақорлығын әшкерелеген, патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен канауына қарсы халықты күреске шақырған мақалалар жариялады.

Акбаев қазак халқының тәуелсіз ел болуы үшін күресті. Сондықтан да ол өмірінің соңына дейін Ресейдегі төрт үкімет: патша үкіметі (1905-1917), Уақытша үкімет (1917), Колчак (1918- 1919) және Кеңестер (1920-1934) тарапынан үздіксіз қуғын-сүргін көрді.

1906 жылы мемлекеттік қылмыстар жасады деген (патшаға тіл тигізген, өмір сүріп отырған кұрылысқа карсы үгіт пен насихат жүргізген) айып тағылып, тұтқындалды. 1908 жылы Омбы арқылы Якутияға, ал 1910 жылы патшаға қарсы үгітті жалғастырғаны үшін Тобылға жер аударылды. 1917 жылы наурызда Қазақ автономиясы жөніндегі ұрандар көтергені үшін Ж.Ақбаевты Уақытша үкімет тұтқындады. 1917 жылы Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды. Колчактың әскери-далалық сотының 1919 жылғы 7 шілдедегі үкімімен Ж. Ақбаевқа Колчактың әскери-қазақ диктатурасы мен атамандықтың дұшпаны ретінде халықты қарулы көтеріліске дайындады деген айып тағылып, ату жазасына бұйырылды. Қайтыс болған соң, Қазакстан Жоғарғы тының шешімімен (28.02.1958 жылы) ақталды.

  Жарияланған-2015-11-16 14:50:20     Қаралды-7810

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШОТЛАНДИЯ ОВЧАРКАСЫ (КОЛЛИ)

...

Коллидың отаны Шотландияның таулы өлкесі. Сол жерден бақташы ит есебінде жер-жерге таралған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКЕКШІЛЕРІ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Ескекті қайықпен серуендеу, саяхатқа шығу, жихангерлік адам баласының ерте заманынан-ақ меңгерген кәсібі деуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САБУНИ АЛУАСЫ

...

Бұл сап-сары болғанша созылған, ұнмен және құйрық майымен араластырылған карамель массасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?

...

Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БУНГЕ КИІКОТЫ - АТЕРОСКЛЕРОЗКЕ ҚАРСЫ

...

Бунге киікоты, райхан биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰЗ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жер бетінде су және оның қатты көрінісі - мұз, бірақ әлі де бұл нәрсені жұмбақ табу қиын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »