ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ
Категориясы: Адамдар
Досмұхамедов Халел (1883-1939 жж.) - қоғам және мемлекет қайраткері. Х.Досмұхамедов - тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетін жинап, насихаттаушы, аудармашы, дәрігер, ұстаз. Туған жері - казіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы.
Әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. 1894 жылы Орал әскери-реалдық училищесіне қабылданып, 1902 жылы оны үздік бітіріп шығады. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі Әскери-медициналық академияның сынағынан мүдірмей өттіп, оны 1909 жылы Алтын медальмен бітіреді. Осыдан кейін офицер ретінде әскери міндетін өтеуге жіберіледі. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал казак-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер қызметін атқарады. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысады. Осы еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталады.
1917-1919 жылдары «Алаш» партиясына кіріп, Алашорда үкіметінің мүшесі болады. Жаһанша Досмұхамедовпен бірге Қазақ автономиясын орнату үшін Кеңес үкіметіне қарсы күресті. 1918 жылы Мәскеуге барған алашордалықтар делегациясын басқарды.
1918 жылы Жымпитыда «Алашорданың» Батыс бөлімшесі құрылып, оған Жаһанша Досмұхамедов екеуі басшылық жасайды. 1926-1930 жылдары Қазақ жоғарғы педагогика институты ректорының көмекшісі, Қазақ мемлекеттік университеттің (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) проректоры болады. 1930 жылы Алашордаға катысқаны үшін айыпталып, Воронежге жер аударылады. Кейін 1939 жылы қайта тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі.
Жарияланған-2015-11-16 14:41:35 Қаралды-6972
ӨСІМДІК ТЕКТЕС ОЮ-ӨРНЕКТЕР
Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырақтар,
БЕТ КҮТІМГЕ ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕСТЕР
Беттің табиғи ажарының таймауын, оған мезгілсіз әжім түспеуін әркім де жақсы көреді.
ҚАПШАҒАЙ БӨГЕНІ
Іле өзені бойында, Алматы облысы жерінде Қапшағай су электр стансасын салуға байланысты Қапшағай бөгені жасалынған. Қапшағай атауы көне түркі тілінде «тар шатқал, қысыңқы жер» деген мағынаны береді.