ХОЛОПТАР - БҰЛ КІМ?
Категориясы: Тарих
Холоптар – орыс мемлекетіндегі феодалдық тәуелді адамдар тобы. Олардың құқылық жағдайы құлдарға жақын еді. Холоптар термині тұңғыш рет 986 жылғы жылнамаларда кездеседі. 11-12 ғасырларда ол құл деген атау ретінде қолданылады. 12 ғасырда феодалдық қатынастардың дамуына байланысты холоптар деген атау алғашқы ұғымын өзгертті. Сол кездегі заңдар бойынша ол мүлік ретінде есептеліп, қожасының оны өтіруге, сатуға, қарызы үшін беруге еркі болды. Холоптар сотқа куә бола алмайтындықтан, оның орнына қожасы жауап беруге тиісті еді. 15 ғасырдың аяғына дейін олар феодалдрдың жерін өңдеуші, князьдардың қызметшілері ретінде пайдаланылды. 16 ғасырда крепостной шаруалырдың еңбегін жер шаруашылығында пайдалануға байланысты холоптардың барщинадағы ролі кеми бастады. 17 ғасырдың аяғында өз шаруашылығы бар, оброк төлейтін холоптар пайда болды. 1722-1724 жж. қызметші холоптарға жан басы салығы салынып, крепостнойлар тобына қосылды. Олар антифеодалдық күрестерге белсене қатысты. 16 ғасырдың орта шенінде Феодосий Косой холоптар идеологы ретінде белгілі болды. Холоптар 1606-1607 ж. Болотников И.И. бастаған шаруашалр көтерілісіне белсене қатысты.
Жарияланған-2019-08-28 17:06:58 Қаралды-2012
АНТАРКТИДА – ДҮНИЕДЕ ЕҢ СУЫҚ ШӨЛ

Егер глобустың аяғын аспанға қаратып, аударып қойса, тағы да сондай екінші «ақ бөрікті» көретін едің. Бұл – Оңтүстік полюс.
ШӘКЕН АЙМАНОВ

Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914-1970) - Қазақстанның белгілі актері әрі режиссері, халық әртісі. Ол 1914 жылы 15 ақпанда Баянауылда дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын Шәкен көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Ғ.Мүсіреповтың арнайы шақыру
ӘЛЕМДЕ ЕҢ ІРІ МОТОЦИКЛ ӨНДІРУШІЛЕР

Әлемде жақсы және әртүрлі мотоциклдер көп, бірақ олардың көпшілігі Жапонияда жасалған.
ШҰБАТТЫҢ ДӘРУЛІК, ШИПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Шұбат та қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрулік, шипалық қасиеті де бар.
ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ

Үстірт қорығы 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылды. Үстірт қорығы Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды.
ҚАРШЫҒА

Қазақ аңшыларының бүркіттен кейін колға ең көп ұстайтын кұсы - қаршыға. Дене тұрқы - 28-114 см, салмағы - 800-1500 г. Қос шалғылығының арасы - 100- 120 см. Тұмсық, тұяқтары қара. Қаршыға шегір көзді болып келеді. Доғалдау біткен қанатының қысқалығы, оның