UF

ПИНГ-ПОНГ СПОРТЫ

Категориясы: Спорт


 

Стол теннисі 3 метрге жуық столда,салмағы бар болғаны 2,5 г шығатын ақ шарды, биіктігі 15 см тордан алма кезек өткізіп ойналады. Үлкен теннис үшін арнайы орын, яғни тегіс көгалды алаң немесе әдейілеп жасаған бетіне құм себілген тақыр алаң және ашық аспан керек, бұл кейбір кезеңде ойыншылар үшін қиыншылық туғызып келді. Міне, бұл жағдайдан құтылу үшін адамдар кез-келген жерде қысы-жазы, күндіз-түні ойнайтын спорт түрі, стол теннисін ойлап тапты. Бұл ойын түрінің атаулары да қызық. Бір елде ол цок-цок деп аталса, екінші бір елде пинг-понг деп аталады.

Пинг-понг XIX ғасырдың аяғына таман Англияда дүниеге келген, деген дәлел бар. Ал Германияда пинг-понг шағын кафелерде ойналатын болған.

Алғашқы пинг-понг (стол теннисі) бәсекесі 1900 жылы Англиада өткізілген. Ал 1901 жылы Индиада Халықаралық жарыс өткізіліпті.

Стол теннисінен Халқаралық федерация (ИТТФ) 1926 ж. ұйымдастырылып, бұл ойын бұдан былай қарай “Стол теннисі” деп аталатын болды.

Стол теннисі - 1988 жылы өткен олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірді.1951 жылдан бастап ҚСРО-ның жекелей біріншілігі өткізіле бастады. Ал 1932 жылдан бастап команда аралық біріншілік өткізу дәстүрге айналды. ҚСРО спортшылары халықаралық аренаға 1954 жылдан бастап шықты. Алғашқы рет стол теннисінен алтын медальді жеңіп алған қыздар болды.

1983 жылдан бастап стол теннисінен жоғары сатыға көтерілген мемлекеттер аты дүниежүзіне жарияланатын болды. Олар: (әйелдер арасында) Қытай Халық Республикасы, Жапония, Оңтүстік Корея, ҚСРО, Корея Халық Демократиялық Республиксы және Чехословакия. Ерлер арасыңда - Қытай, Швеция, Венгрия, Англия, Жапония, Солтүстік Корея.

Қазіргі кезеңде әлемде Азиялық стол теннис шеберлерінен асқан ойыншылар жоқ десе болады. Егер стол тенисін бұрын резина добымен ойнаса, 1894 жылы ағлшын инженері целлулоидтан жасалған ак шар добын ойлап шығарған, ол күні бүгінге дейін ойыншылар қолында. Стол теннисі 9-дан 15 метрге дейінгі шаршы аланда ойналады. Ойын барысында кім бұрын 21 ұпай жинаса, жеңіс соған беріледі.

Стол теннисінен алғашқы Әлем чемпионы Венгрия спортшысы - Р. Якоби деген спортшы. Стол теннис өнерінің жаңа жолдарын көрсетушілер қазіргі Азия контингенттерінің спортшылары. Сол қолымен теннис қалақшасын жақсы меңгерген спортшылар казіргі кезенде солақай боксшылары ұқсап келеді. Себебі, сирек қайтып оралады. Мұндай стол теннисі өнерін ең жетік менгерген ағылшын спортшысы В. Барка, ол - әлденеше дұркін Әлем чемпионы атағын жеңіп алған саңылақ теннисші.

Стол теннисі туралы айтқанда, бұрыңғы Одаққа аты мәлім Қазақстан қыздары арасынан шыққан тұңғыш Одақ чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, республиканың бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әлия Серікбаева - саңлақтар сарайының нақ төрінен орын алар тұлға. Әлияның командалас құрбылары: Айман Оспанова, Сәуле Мұстафина, Гулнар Дәулетовалар сонау 60-70 жылдардың жұлдыздары болды.

Әлия Серікбаеваны Әлем чемпионы деп те айтады. Әрине, бұл дәлелсіз емес. 1970 жылы Югаславияда өткен әлем теміржолшыларының біріншілігінде республикалық “Локомотив” клубының атынан сынға түсіп, жеңімпаз атанған еді.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-28 17:41:00     Қаралды-4123

Мәлімет сізге көмек берді ма

Дәм қабық (корица) қосылған бисквит

...

Бұл тағам шайқалған қамырдан жасалады да арасына дәм қабық салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАСШӨП – КӨКЖӨТЕЛДІ ЕМДЕЙДІ

...

Тасшөптен жасалған дәрілердің микробтарды жоятын, ауырған жерлерді және нерв жүйесін тыныштандыратын, қақырық түсіретін қасиеттері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БОКС ТАРИХЫНАН

...

Жұдырықтасу адам қоғамының тарихында және ертедегі олимпиада бағдарламасында - панкратион деген атпен белгілі болған спорт.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГОТИКА – ГОТТАРДЫҢ АТЫНАН ШЫҚҚАН

...

ПАРИЖДІҢ қақ ортасында ауыз аштырып, көз жұмғызатын көркем ғимарат тұр. Көкке самғаған асқақ мұнаралар; қабырғадағы ойықтарда - мәрмәр мүсіндер; шатырдын, бұрыш-бұрышына химера деп аталатын құбыжықтар бейнеленген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҮРГЕН (ШӘҢКІШ)

...

Бүрген – биіктігі 3 метрге дейін жететін бұталы өсімдік. Қабығы қызыл қоңыр, жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, үш, бес салалы, сабақтары ұзын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК

...

850 грамм ірімшік пен 125 грамм бал жақсылап араластырылып, шай дастарқанына қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »