ҚОЛ ДОБЫ
Категориясы: Спорт
Қол добы спорт ойынының пайда болуы даниялық Нильсендер отбасындағы кездейсоқ жағдайға байланысты деп жорамалдайды спорт тарижын зерттеушілер, Ордруп қалашығындағы әйелдер гимназиясының оқытушысы Хольгер Нильсенге әйелі өз баллалары үшін жаңа спорт ойынын ойлап табуға өтініш етіпті, себебі, футболды сүйетін олар, доп теуіпөз үйінің барлық терезелерін сындырып болыпты дейді аңыз.
Мұндай, кеннеттен болған оқиғаға тап болған. Нильсен жаңа спорт ойынын ойлап тауып, оған «гандбол» деп ат қойып, айдар тағады. Бұл ағылшындарша «ханд» - қол, «бол» - док деген мағынаны білдіреді. Ол футболдан - қақпа мен алаңда, баскетболдан - допты алып, онымен тек қана қолмен ойнау ережесін енгізеді. Алдағы уақытта бұл спорт ойыны мен тек балалар ғана емес, қыз балалары да әуестенеда.
Қол добы арнайы ережеге сәйкес ойнау 1917 жылы Германиада басталып, кейіннен бүкіл әлем ойынына айналады. Қол добы «үлкен» гандбол (11:11), «кіші гандбол» (7:7) болыпекіге бөлінеді. «Үлкен гандбол» - футбол алаңында, «кіші гандбол» - залда ойнайтын спорт ойынына айналда. Немістер XI олимпиадалық ойндарды өз елінде өткізуге рұқсат алғаннан кейін, ойынды олимпиада бағдарламасына енгізді (үлкен 11:11 гандбол ойынын). 1938-1966 жылдар аралығында қол добы ойынынан ұш мәрте әйелдер, жеті мәрте ерлер арасындағы дүниежүзінің біріншілігі өткізілді.
1958 жылдан бастап дүниежүзі федерациясы «кіші» (7:7) қол добы ойынына өтті. 1972 жылы қол добы (7:7) XX олимпиадалық бағдарламаға қосылып, бұл ойын Мюнхен қаласында өтті. Ал 1976 жылдан бастап қол добының ойнаушы әйелдер командасы да олимпиадалық ойындарға қатысып келеді.
Гандболисттердің өз халықаралық федереациясы бар (ИНФ), оның 120-ға жуық толық мүшелері бар. Спорттың бұл түрінің отаны Дания бола тұрып, қазіргі кезендегі ең көп тараған мемлекеттері: Шейцария, Германия, Франция, Югославия, Австрия. Гандбол (кол добы) қазіргі кезеңде Азия мемлекеттері халықтарының да сүйіп ойнайтын спортына айналды, сондықтан да ол 1982 жылы өткен Азия спорт ойындар бағдарламаларында төрден орын алды. Бразилияның Сан-Паулу қаласында Оңтүстік Америка чемпионатымем кубок ұшін жарыс та өткізілді. Бұл дегеніміз, қол добы спорт ойынының халықаралық спорт түріне айналғанының дәлелі болмақ.
Қол добы спортының ұш дүркін дүние жүзі чемпионы атанған бұрыңғы Герман Демократиялық Республикасының (1971, 1975, 1978 жылдардағы) спортшы қыздар. 1976, 1980 жылдардағы олимпиада чемпионы атанған - ҚСРО қыздар командасы. Орыс мемлекетінің тарихында қол добы ойынының дамуы Харьков қаласынан жолдама алған. Бұл қаладағы гимназиялардың оқу бағдарламасына ойым 1909 жылдан бастап кірген.
Сондықтан да ҚСРО тарихындағы алғашқы бүкілодақтық жарыс та осы қалада 1959 жылы ұйымдастырылады. 1928 жылы өткен бірінші бүкілодақтық спартакиадаға 350 команда қатынасуға ниет білдірген.
ҚСРО-да қол добы ойынының өз ережесі де болды, олар, 20x40, 12x24 және 18x36 метрлік алаңда ойын өткізу ережесі. Ал ойыншылар саны әрбір командада 5-тен 7 адамға дейін болуы мүмкін.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-06-27 14:14:47 Қаралды-27556
КАРТОПҚА ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІ ЕСТІГЕНДЕРІҢ БАР МА?
Әлемнің әр түкпірінде түрлі үй және жабайы жануарларға орнатылған ескерткіштер бар екендігі белгілі. Ал, өсімдіктерге орнатылған арнайы ескерткіштер тіпті саусақпен санарлық.
АЛТАЙ
Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Ертіс өзенінен бастап, Аян тауларына дейін созылып жатыр. Ең биік жері - Мұзтау (Белуха) шыңы. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері. Мұнда самырсын, балқарағай, майқара
ДЕРМЕНЕ
Дермене – биіктігі жарты метрге жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, көптеген қосымша тамырлары бар.
"АҚШАҚАР ЖӘНЕ ЖЕТІ ГНОМ" - ЕНДІ LEGO-ДА!
LEGO ертегіге негізделген жаңа қызықты құрылыс жиынтығын ұсынды.
ТҰЗДАУ ЖӘНЕ МАРИНАДТАУ ҚАРАПАЙЫМ РЕЦЕПТІЛЕР
Негізінде қияр ағаш кеспектерге тұздалады. Тұздалатын қияр үстіне құйылатын тұздық бөлек дайындалады.