UF

РЕГБИ СПОРТ ОЙЫНЫ

Категориясы: Спорт


Регби спорты - футбол ойынымен бір күнде бір жылда дүнеге келген спорт.

Спорттың бұл түрі 1900, 1908, 1920, 1924 жылдары өткен олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кіріп, кейіннен шығарылыптасталанады.

Аңыз бойынша, Лондоннан 300 миль жерде орналасқан Регби қалашығының тұрғындары 1823 жылы Ватерлоо соғысында ағылшындардың жеңіске жеткеніне жеті жыл толуына үлкен той жасайды. Бұл мерекенің құрметіне футболдан кездесу өткізіледі. Ойын барысында аяғына доп тимеген 16 жасар ойыншы Вильям Вэб-Эллис ойын тәртібін бұзып допты қолына ала жүгіріп қақпа алдына барып торға тастайды. Міне, осы кезеңнен бастап көрермендер арасында жанжал шығып, футбол мен регби арасында бітіспес даудың аяғы бұл екі спорттың өмірде өз орындарын алуына себепші болады.

Регби ойынның арғы тегі флоренциялық футбол деген де дерек бар. Бұл XV ғасыр флоренциялық футболдың нағыз жанкүйерлері суретші, сәулетші, инженер Леонардо да Винчи, жазушы Никколо Макиавелли болыпты. Регби жарысына қатысушы спортшылар саны екі жақтада 20 адамнаналған. 1862 жылы регби ойынының ережесі қабылданып, онан кейін англиялық «регби-футбол» одағы құрылады. Сөйтіп, Англия, Оңтүстік Африка, Америка, Канада, Австрия және Жаңа Зеландия елдерінде регби № 1 спорт ойындарына айналды.

XX ғасырдан бастап, халықаралық одақ «Интермейшнл Боад регби футбол» құрылады. Кейіннен регбимен қатар американдық және афстриялық футбол деген ойын пайда болып, біртіндеп регби ойынында тоқыраушылық байқалды. Американдық футбол ойынын көрген көрермен, бұл ойының тәртібімен келісе алмады, себебі америкаңдық футбол біртіндеп сотқарлар ойынына айналып, өз жанкүйерлерінен айырылып, регби қайтадан өз жалауынтағы да қайта көтерді, сөйтіп, 1934 жылы регбаден халықаралық федерация (ФИРА) өмірғе келді. Қазір бұл федерацияның 40-тан астам мүшелері бар. Регби спорт ойынынан әр жылдары өткізіліп тұратын ең беделді үш дода бар, олар: Европа чемпионаты,  Европа чемпиондарының кубогы ұшін және ФИРА кубогі үшін біріншілік. 1910 жылдан «Бес ұлттық» бәсекесі өтіп, бұған қатынасушы елдер: Франция, Англия, Уэльс, Шотландия және Ирландия мемлекеттері болды.

Қазіргі регби - футбол мен гандбол ойынының қосындысы тәрізді спорт түрі. Ойын өтетін алаңның ауданы 95-100x65-68 метр. Доптың салмағы 425 грамм, ұзындығы 28-29 см сопақшы доп. Ойнаушылар ойын барысында қарсыластарыныңиығынан, белінен, аяғынан қолымен ұстап тоқтатуға ереже бойынша рұқсат етіледі. Алаңға әрбір команда 15 адамнан шығып, екі кезекте 40 минуттан, барлығы 80 минуттан ойнайды. ҚСРО-да бұл спорт ойнына әуестік 1923 жыдардан бастау алда. 1936-1938 жылдарда ҚСРО біріншілігі өткізілді, ал 1939 жылы Кубок үшін жарыс жалғасты. 1957 жылғы өткен жастардың дүние жүзілік фестивалінде регбиден Бірінші калықаралық жарыс өтіп, ҚСРО-ның регбишілері халықаралық аренада бақтарын сынай бастады.

Регби ойны - спортшылардан аса қатаң тәртіп, әдептілік пен күш-қуатты талап етеді. Мысалы, олардың жаттығуларына штанга көтеру, жеңіл атлетика, шаңғы тіпті күрес өнері де кіреді.

ҚСРО-дағы регби федерациясы 1967 жылы ұйымдастырылды, ал 1975 жылдан бастап халықаралық регби федерациясына мүше бояды.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-27 14:08:27     Қаралды-6409

Мәлімет сізге көмек берді ма

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

...

Әртүрлі агрегаттық күйдегі су бізді барлық жерде қоршап алады, тіпті біз оны әрдайым байқамаймыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЫРҒАЙ – ҚУЫҚТЫҢ ҚАБЫНУЫНА ЕМ

...

Гүлдерінен жасалған дәрілер бронх қабынғанда, подагра және ревматизм ауруларына қарсы, буындар сырқырағанда, бүйрекке тас байланғанда пайдаланылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЗЫМЫРАН АСПАНҒА АТЫЛДЫ

...

Зымыран - әзірше Жердегі ең жедел транспорт. Мұның себебі зымыраның двигателі ерекше - реактивті болғандықтан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТ МАЙЛЫ БОЯУЛАР ПАЙДАЛАНУЫ

...

Қазір суретшілердің көбі майлы бояуларды пайдаланады, ал бір кезде олар адамзатқа атымен белгісіз болатын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӘНДІ БҰЙЫМДАР ЖАСАУ ӨНЕРІ

...

Үй-ішілік тұрмыста күніне қанша бұйым қолымыздан өтеді десеңші. Егер соның бәрі суретшінің қолынан шықса, дереу өнер туындысына айналар еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »