АҒАШ ШАҢҒЫНЫ АЛҒАШҚЫ КИГЕНДЕР СКИФТЕР
Категориясы: Спорт
Аяққа киетін шаңғыны алғашқы кезенде халық ағаш ұлтан деп атапты. «Ағаш шаңғыны алғашқы кигендер скифтер», деп жазады біздің дәуірімізге дейінгі 360, жылдары өмір сүрген француз Итеас.
Шаңғы тарихының өте ертеден басталуына қарамастан, алғашқы жарыс 1844 жылы Норвегияның Тромсе қаласында өтіпті. Ал дүние жүзінің біріншілігі 1925 жылдан бері өткізіліп келеді. Халықаралық шаңғы спортынан федерация 1924 жылы ұйымдасып, оның қазір 60-тан астам мүшелері бар. Шаңғы спортының бағдарламасына 5, 10, 20 шақырымдык аралықпен жүгіру, 4x5 шақырымдық эстафета: әйелдер үшін; 15, 30, 50 шақырым, 4x10 шақырым эстафета ерлер үшін кірген. Шаңғымен жүгірушілер 1890 жылға дейін бір таяқпен итеріп жүгіруді тәсілге айналдырған.
Шаңғыны аяққа байлап ұзақ қашықтыққа жорық жасаушылардың алғашқы легінде норвегиялықтар болды. Атақты саяхатшы Фриньоф Нансен өзінің 8 жолдасы мен Гренландия аралын 42 күнде бір шетінен екінші шетіне дейінгі аралықты кесіп өткен.
Шаңғы спортымен машықтанушылар ішінде дүниежүзінің бірнеше дүркін және олимпиада чемпионы атанған Сикстен Эрнбергтен асқан спортшы жоқ.
Шаңғымен сырғанау өнерінің тек өзімен ғана шектелмей, спортшылар 1866 жылдан бастап тұғырдан ұзақтыққа секіру өнерін меңгере бастады. Бұл өнерді алғашқы көрсетуші норвегиялық Нордхайм. Ол алғашқы рет 19 метр жерге дейін қалықтап ұшып барып қонған көрінеді. Ал 1914 жылдары 50 метрлік қашықтыққа барып қонушылар да көріне бастады, олар: норвегиялық Иоганн Генриксон мен Фридольфтар еді.
Қазіргі рекорд 191 метр шаңғымен тұғырдан секіруші мамандардың болжамы бойынша 200 метрлік кедергіні жену күні де қашық емес сияқты.
Қазіргі кезеңдегі шаңғы мен қоссайыс өнері тез қарқынмен өсіп келеді. Спорттың бұл түрі 1924 жылғы ІІІамони қаласында өткен олимпиададан басталды. Ал дүниежүзінің біріншілігі 1925 жылдан бастап өткізілуде. Тау шаңғысымен айналысушы спортшылар арасындаАвстриялық спортшылардың беделі өте жоғары, олар 1905 жылдың өзінде-ақ слаломнан өз елінің біріншілігін өткізген болатын. Тау шаңғысынан өтетін жарыс 1936 жылдан бастап қысқы олимпиадалық ойындар бағдарламасына қосылды. Тау шаңғысы мен жарысушылар 700 метрлік биіктіктен төмен қарай құлдыраған кезде сағатына 100 шақырымдық жылдамдықпен жүйткиді екен.
Тау шаңғысымен өтетін жарыс бағдарламасына: төмен қарай құлдырау, слалом және үлкен слалом кіреді. Спорттың бұл түрінің дүлдүлдері австриялық Антони, француздық Жан-Клод Килли.
Тау шаңғысымен құлдырау кезіндегі шапшандықтан ең озық көрсеткіш: сағатына 201, 230 шақырымдық ұшқырлық, мұның авторы американдық Мак Кинни, мұны ол америкадағы Велосити тауында көрсеткен. Тау шаңғысының ең соңғы пайда болған жаңа түрі - фристайл, оның екінші баламасы шаңғымен балет өнері немесе шаңғымен акробатикалық жаттығу көрсету. Бұл өнер бірінші рет 1988 жылы Канададағы Калгари қаласында өткен ХV олимпиадалық ойындарда көрсетілді.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-06-27 13:53:42 Қаралды-2347
МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?
Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.
ТАҢҚҰРАЙДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Таңқурай жидегінде қант, пектин, илік, бояу заттары, лимон, алма, құмырсқа және салиция қышқылдары, фосфор, калий тұздары, С1, Р витаминдері және А провитамині болады. Жабайы өсетін таңқурай - адам организміне керекті тағамның бірі.
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ
Латын әліпбиі - әлемде кең таралған әліпби. Б.з.б. VII ғасырда Римде пайда болып. б.з. I ғасырында қалыптасқан. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. IV ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылат
ЖАН-ЖАНУАРЛАРДА БІР-БІРІМЕН СӨЙЛЕСЕДІ
Ертегідегі аңдар мен құстардың сөйлесе алатынң жұрттың бәріне белгілі. Үш торай көңілдері шалқып, бірге ән салады.
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ
Рим империясы құлағаннан кейін бірнеше жүз жылдарға созылған орта ғасыр дәуірі орнады. Ол кезде шіркеу тек жеке адамдарға ғана емес, мемлекеттерге де өктемдік етті.
КӨМБЕ - КӨМІП ПІСІРГЕН БІР УАҚ МАЛДЫҢ ТҰТАС
Қазақ халқы көмбелерді үйден гөрі түзде көбірек дайындаған. Көмбе - көміп пісірген бір уақ малдың тұтас еті.