UF

КОНЬКИ ТЕБУ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Көк мұз үстіндегі ұстараның жүзіндей коньки самғау кімді болса да елеңдетпей қоймайтыны баршаға аян сезім.

Алғашқы конькимен мұз айдынында тіршілік үшін әрекет еткен халықтардың тарихы Гренландиядағы эскимостардан, Канададағы ирокездерден басталады. Коньки туралы біздерге жеткен мәлімет XII ғасырдан басталады. Алғашқы темір табанды конькиді ойлап шығарғандар голландиялықтар. Коньки жанашырлары өздерінің клубын Эдинбург қаласында 1604 жылы ашады. Ал, Ресейде I Петр патша заманында алғашқы темір коньки Туладағы қару-жарақ зауытында жасалыпты.

Алғашқы рет конькишілер арасындағы жарыс Голландияда 1805 жылы өткізілді. Жарысушылар жолдарының қашықтығы бар болғаны 150 метр ғана болған. Осындай жарыстар: Леуварденде 1814 жылы, Воутсенде 1823, Доккюмде 1840 жылдары өтіпті. Қазіргі конькидің алғашқы түрлері 1880 жылдардан пайда бола бастаған, оны жасаушы шеберлер норвегия азаматтары А.Пульсем мен К.Вернер.

Осы кезеңнен бастап конькишілерге арналған арнайы өкшесіз ботинкалар да шығарыла бастаған.

1892 жылдан бастап ағылшындар мен нидерландықтардың ұсынысымен алғашқы халықаралық конькишілер одағы (ИЕУ) құрылды, оның 45-ке жуық мүшелері бар.

Норвегияның бұрынғы астанасы Христианин қаласында 1885 жылы атақты мұзбалақ конькишілер, норвегиялық Паульсон мен голландиялық Рван дер Зее арасындағы дүниежүзінің біріншілігі үшін жарыс өтіп, жеңімпаз норвегиялық Паульсон болыпты. Алғашқы конькишілердің дүниежүзілік одағын ұйымдастырған жарыс 1893 жылы Амстердам қаласында өтеді. Бұл коньки тебушілердің бірінші дүниежүзілік чемпионаты болатын. Мұнда жеңіс тұғырына голландиялық Эден деген спортшы шығып мәртебесі биік болды.

Коньки тебу спорты беделінің көтерілуіне орыс спортшыларының қосқан үлесі Александр Пашьшиннің есімімен тығыз байланысты, бұл оқиға 1888 жылы Амстердам қаласында болған еді, себебі, мұз айдынында А.Паншинмен бірге норвегиялык, А.Паульсон бәсекеге шыққан болатын.

Жарыс қашықтығы 1 миль аралықтан тұрған. Бұл жарыста А.Паншин жеңіске жетіп, коньки тебу спортының тарихында ғажайып ерлік таныпты, - деп жазды, сол кездегі спортты басты тақырып еткен бүкіл дүние газеттері. Тағы да бір қызығы Паульсон мен Паншин аяқтарына әрқайсысы өздері жасаған коньки байлап шыққан болатын.

Спорт тарихында әр түрлі қызық оқиғалар да жиі кездесетін уақыттары болады. Бір кезекті жарыс жолына шыққан конькишілер арасынан бірінші орын алған спортшы Ян Эден 5000 метрлік қашықтыққа конькимен жүгіруден оған дейін ешбір спортшы көрсетпеген рекордтық уақыт көрсетіпті, бірақ төрешілер мұндай көрсеткіш болу мүмкін емес, мүмкін төрешілер қателескен болар, деп бұл рекордты тіркеуден бас тартады. 1911 жылы өткен екінші халықаралық жарыста орыс спортшысы Николай Струнников 5000 м қашықтықты 8 минут 37,4 секундта өтіп, Ян Эденнің рекордын жаңартқан кезде ғана, төрешілер адам мүмкіншілігіне шек жоқ екендігіне сеніпті.

Коньки тебу спорты тарихында қысқы олимпиада ойындарында ең көп медаль алған Лидия Скобликова - ҚСРО спортшысы, алты алтын медаль иесі. Қазір бұл көрсеткішті қайталаған бірде-бір спортшы жоқ деуге болады.

Ерлер арасында дүниежүзілік және қысқы олимпиадалық ойындарда жеңіліссіз өткен бір ғана, қысқы спорт түрлерінен конькиші американдық Эрих Хайдан екен.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-25 17:49:23     Қаралды-8572

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚҰРМА САМБУГЫ

...

Жуылып, 4-8 бөлікке бөлінген құрма сүйектері алынып тасталып, үстіне аздаған су құйылады да 10-12 минут бойы қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДМИНТОН ТАРИХЫНАН

...

Бадминтон - спорт ойынының отаны Индия елі бола тұрып, оның дүние жүзіне мәлім болуы, ағылшын герцогі Бофорттың есімімен байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

44 ҚАРАПАЙЫМ РЕЦЕПТ САЛАТТАР

...

44 рецепт қарапайым салаттарды ұсынамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – АСҚАЗАНҒА ШИПА

...

Гүл тостағаншасы жартысына дейін біріне-бірі жабысқан 5 қалақша.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЯ – ЖЫЛҚЫНЫҢ САУЫР ЕТІ.

...

Оны сүрлеуге, қақтап кептіруге, сондай–ақ ыстауға да болады. Әуелі жая 10 сантиметр қалыңдықта сылынып алынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »