КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН
Категориясы: Спорт
Көркем гимнастиканың өмірге жолдама алған жері Европа контингенті.
Алғашқы рет көркем гимнастика ғажаптары туралы шығарма жазған адам француз азаматы Дельсарт. Ол «көркем қозғалыс грамматикасы» атты еңбегінде бала үшін «Әліппе» қасында сондай керек деген тұжырым айтады. Бұл идеяны іске асырушы ырғақты гимнастиканың атасы саналған швейцариялық Далькроза. Ол кісінің тұжырымы бойынша «Әйел адам бойыңда барлық керемет бар, бірақ бір ғана жетіспейтін нәрсе ол қөркем қимыл-қозғалыс, мәнерлі жүріп-түру салты» деп ақтарыла жазды. Кейбір мемлекеттердің дене шынықтыру пәні мұғалімдерін дайындау бағдарламасында «көркем, ырғақты қимыл-қозғалыс техникасын меңгеру» арнайы пән ретінде оқытылады.
1934-35 оқу жылынан бастап Москва дене тәрбиесі мәдениет институтында көркем гимнастика кафедрасы жұмыс істейді. Дүниежүзіне атағы белгілі балет бишісі Айседора Дункан мектебінің оқушыларының негізгі дәрістерінің бірі - көркем гимнастика.
ҚСРО-дағы көркем гимнастика спортынан спорт шебері атағын алған спортшы Лилия Назмутдинова.
Көркем гимнастиканың қазіргі кезеңдегі қас шеберлері Болгария, Чехославакия, Венгрия мемлекеттерінде жеткілікті. Мысалы, Болгар қызы дүниежүзіңде бірінші рет үш дүркін абсолюттік чемпион атанған Мария Гигова - қайталанбас тұлға.
Көркем гимнастика спортына тән ерекшелік ол барлық жастағы қыз балалар мен әйелдер үшін қол жеткізетін арман, мұның дәлелі дүниежүзінін чемпионы Эльвира Аверкович жаттығуды 21 жасында ғана бастаса, Галима Шугурова 15 жасында әлемдегі үздік гимнастшы тәжін киді.
Көркем гимнастика әдемі қимыл-қозғалыс қана емес, арнайы гимнастикалық жабдықтарда өнер көрсетуді жетік меңгерушілер де. Олар: пластикалық ауданы 18-20 см, жуандығы 400 граммдық, синтетикалық дөңгелек көлемі 80-90 см, жуандығы 2 см, салмағы 300 гр. Булава (түйреуіш) ағаштан жасалған салмағы 150 гр, ұзындығы 40-50 см, ұзындығы 6 метрлік темір қадаға байланған, ол атлас жібегінен дайындалады, салмағы 35 гр, сапсыз резина жібі секіруге арналған.
Көркем гимнастиканы жартылай балет өнері деп тұжырымдаушылар да бар, бірақ бұл дәлелсіз болжам, ол нағыз спорт өнері, оның ішіндегі ең күрделілері деген дұрыс.
Сымбат сұлулығын насихаттайтын көркем гимнастика өнері қазақ қыздарын да айналып өткен жоқ. Кезінде көркем гимнастика саласында Сәуле Барлыбаева, Алтын Батырбекова сынды өнер иелері қазақ қыздары арасынан алташ әлемдік ареналарда өнер көрсеткен еді. Олкісілерден кейін арада бір шама үзіліс болғанмен, соңғы кездері республикалық сындарда біраз қарлығаштарымыз ұшталған өнерімен көрермендерді қуантуда. Олардың ішінен Гүлжан Оспанова, Айгүл Қамбаровалардың есімін зор ілтипатпен айтамыз. Айгүл Қазақстан Республикасының әлденеше дүркін чемпионы.
Көркем гимнастика соңғы жылдары елімізде жақсы жолға қойылып, кеңінен өрістеп, дамып келеді. Әсіресе, Алматы, Ақмола, Семей, Талдықорған, Шымкент облыстарын көркем гимнастикаға деген көзқарас жақсы. Соның арасында да болар, осы облыстардың спортшылары сымбат сұлулығы жолындағы жарыстарда ылғи да топ бастап келеді.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-06-25 16:52:08 Қаралды-8740
ҚАСҚЫР
Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.
МИНИАТЮРА ҚАЙ КЕЗДЕ КЕЗДЕСЕДІ?
Ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер кездеседі. Ондай суреттерді миниатюра деп атайды.
АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ
Қабығы аршылып, өзегінен тазартылған алма салқын суға салынып, дайын болғанша қайнатылады.
СҮР ЕТ ДАЙЫНДАУ
Сүрлеу дегеніміз – етті қақтап, тұздап сақтау. Сүр ет ерекше дәмді болады. Өзіне тән иісі Өте жағымды.