UF

СПОРТ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Дүниежүзілік спорт түрлерінің ішінде зор бедел иесіне айналған спорт түрі - спорттық гимнастика. Мұның толық дәлелі - спорттың бұл түрінің жанашырлары 1881 жылдың өзінде-ақ халықаралық федерациясын құрып үлгерді. Дүниежүзілік ең көп олимпияда медалынан алқа таққан орыс гимнастикасының көсемі Лариса Латынина, олардың саны 14.

Гимнастикалық жаттығулардың дене тәрбиесі мәдениетінің негізгі көзіне айнала бастаған ХVІІІ-ХІХ ғасырдан-ақ басталған.

Гимнастикалық жаттығу орыңдайтын негізгі жабдықтар турник, брусья, кольцо (шығыршық) екендігін өз ісімен дәлелдеген неміс бапкері Ф.Ян деген көреген болыпты. Ол өзі ұсынған гимнастиканы «турнсунст» - деп атапты. Бұл «қиындықтан шығу өнері» деген мағына береді.

Гимнастикалық жаттығуларды «дене шынықтыру құралы» - деп алғашқы түсінген швециялық дерігер П. Линга деген адам. Ол ұлы гигиеналық гимнастика жаттығуларына арналған, қазіргі бізге таныс «шведтік қабырға» - деген құралды ойлап тауып, оны кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған.

Француздар. Наполеонның заманында-ақ жастардан жасақталған гимнастикалық батальон ұйымдастырып, оларға табиғи француздық гимнастикалық сабақ беріпті. Гимнастикалық тәрбие мектебінің басшысы қызметін агқарған француз әскерінің полковнигі Аморос деген адам болған. Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты - ер балаларды әскери мамандыққа баулу болып табылады.

Чехославакияда «Сұңғарлық гимнастика» - деген жаттығу түрі кең өріс алған. Мұның бастамашысы Прага университетінің профессоры эстетика маманы, доктор М.Трыш деген адам. Бұл гимнастика түрінің негізгі бағыты, гимнастикалық жаттығуларды бірлесіп жасаудан тұрады. Яғни, гимнастикалық жабдықтарда әлденеше спортшы бір кезенде жаттығу жасап көрсетеді.

Спорттық гимнастикадан алғашкы олимпиада чемпионы тәжін киген грек - Николаос Анлриакопулос.

Ал орыс елінде гимнастика өнерін меңгеру бірінші Петр патша заманынан басталған. ХVІІІ ғасырдан бастап бұл мемлекеттің әскери және азаматтық жоғары оқу орындарында гимнастика сабағы міндетті пән ретінде оқытылған.

1883 жылдан бастап орыстың гимнастикалық қоғамыңда оның белсенді мүшелері, драматург Антон Чехов, атақты газет шығарушы Владимир Гиляровскийлер болған.

Ресей мемлекеті тарихында алғашқы спорттық гимнастикадан жарыс өтіп, 1885 жылы оғаң 11 спортшы, 1903 жылы жарысқа 15 адам қатынасқан.

ҚСРО тарихында олимпиаданың чемпионы болған Виктор Чукарин, бұл Хельсинкиде өткен ХV олимпиадалық ойындар еді.

Халықаралық гимнастика федерациясы (ФИЖ) осыдан жүз жыл бұрын ұйымдасқан, оның қазір 111 астам мүшелері бар.

Дүниежүзіндегі біріншілікте чемпион атанған ең жас гимнасшы - Дмитрий Билозерчев (16 жасар спортшы).

Қазіргі кезеңдегі гимнастикалық державаға айналған мемлекет қатарына Қытай, Жапония, Румыния жөне Ресейді жатқызуға болады.

Гимнастика - тек қана спортшылар үлесі емес, ол адам өмірінің жалғасы бола да білген жаттығу түрі. «Гимнастика менің өмірімді сақтады» деген кітабында Шлиссельбург қорғанының тұтқыны Н.А.Морозов «Мен өз өмірімде гимнастикаға борыштармын, себебі, ол маған қимыл-қозғалысты сыйлады, жаттығуы арқылы өмірді сүюді үйретті» - дейді.

Гимнастика өнері республикамызда да көркейіп келеді. Мұның дәлелі - 1995 жылы халықаралық жарыстар мен Азия, Европа, әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын құрама команданың құрамын осы кезеңнен анықтау болды. Біздің жасөспірімдер Ирина Евдокимова мен Сергей Федорченко - Азия ойындарының екі дүркін чемпиондары. Бір өзі жүз қырықтан астам медаль алған олимпиада чемпионы Нелли Ким неге тұрады?

1998 жылы ҚР-ның гимнастика федерациясы Н.Кимнің жүлдесі үшін жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға бәйгені Н.Ким өз қолымен тарту етті.

Көркем гимнастиканы өжет әйелдер сабағы деп те атайды.

Көркем гимнастика жаттығуынан алғашқы дүниежүзінің чемпионы атанған орыс гимнастшысы - Людмила Савинкова бұл 1963 жылы Венгрия жерінде болған үлкен спорттық оқиға болатын.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-06-25 16:47:41     Қаралды-40128

Мәлімет сізге көмек берді ма

Майкл Джорданды мектептегі басткебол командасына әуел баста қабылдамады

...

Тоғызыншы сыныпта Джордан жақсы баскетболшы болып үлгерді. Әйтседе, ол кезде оның бойы жетпеген де еді (1978 жылдың жазында оның бойы 175 см болған), Майкл өте шапшаңдығымен және ынтасымен ерекшеленді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ПЛАНЕТА КҮНГЕ ЖАҚЫН?

...

Меркурий – «ең ыстық» планета.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙЫҢ - ҚҰЯН ЖӘНЕ РЕВМАТИЗМ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ

...

Қазақстанда қайыңның 15 түрі өседі. Соның бірі - қотыр қайың.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ ГРИЛЬЯЖЫ

...

Бұл - күнжіт дәні мол салынған карамель сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Дәм қабық (корица) қосылған бисквит

...

Бұл тағам шайқалған қамырдан жасалады да арасына дәм қабық салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »