СУ ШАҢҒЫСЫ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН
Категориясы: Спорт
Су шаңғысы спортымен айналысушыларды кейде толқынмен жарысушылар деп атайды. 1922 жылы 18 жасар американдық Ральф Самуэлсон су бетінде батпай жүру үшін өз ойынан шырша ағашының ұзындығы 2,5 метрлік, жалпақтығы 23 см ағаш шаңғы жасап, су бетімен жүріп, оны көпшілік назарына ұсынады. Нәтижеде бұл спорт көпшіліктен қолдау тауып, 1929 жылы Америка құрама штаттарында алғашқы рет су шаңғысынын қалаушылар клубы ашылды. Ал Европа контингентіндегі бұл қозғалыстың бастауы 1930 жылдардан кең етек алды. Кейінгі уақыттарда моторлы қайықтарға тіркеліп өнер көрсетуге машықтана бастап, бара-бара су үстінде қойылған тұғырдан секіріп өнер көрсете бастады. 1949 жылдан бастап әрбір тақ жылдары дүниежүзінің біріншілігі өтуде. Су шаңғысымен өнер көрсету - өте күрделі процесс. Ол тек қана споршыға ғана байланысты емес, техникалық жағынан спортшының өнер көрсетуіне жағдай туғызуға байланыс екендігі қақ. Мысалы, су шаңғысының шебері моторлы қайыққа тіркелгендегі шапшаңдық 50 шақырымнан кем болмаған жағдайда су бетінен көтеріліп, қалықтап жаттығу жасай алады екен.
1960 жылдары Совет спортшысы Юрий Баранов тік ұшаққа тіркеліп, 70 шақырымға дейін шапшаңдық көрсетіпті. ҚСРО-да су шаңғысымен өнер көрсетушілердің федерациясы 1962 жылы ұйымдастырылды. Оның алғашқы төрағасы болып космонавт-ғарышкер Ю.А.Гагарин сайланған еді. Нәтижеде осы федерация түлектері тек кейінгі алты жылда ғана алты Европа, екі дүниежүзілік жарыстың жеңімпазы атағына ие болды.
Су шанғысынан жарыс калай ұйымдастырылады. Ендігі әңгіме, солар туралы болмақ.
1. Мәнерлеп су бетінде сырғанау. Бұл өнерді көрсетушілерге 20 секундтық екі кезең беріледі. Осы кезеңде жарысқа қатысушы өзінің алдын ала дайындаған жаттығуын көрсетеді. Ол қайық толқыны үстінде 180-720 градусқа алға-артқа қарай айналып түсу жаттығуы.
2. Слалом. Бұл жаттығуды көрсету барысында спортшы бір аяғындағы шаңғыда тұрып, толқыннан секіріп өнер көрсетеді. Слалом жолының ұзындығы 286 метрге дейің жалғасатын су бетінен тасталған алты тұғырдан айналып өтіп жаттығу көрсетеді.
3. Тұғырдан секіру. Суға қойылған тақтай тұғырдың ұзындығы 6,4-6,7 метр, кеңдігі 3,7-4,3 метр. Ерлер үшін оның биіктігі 1,8 метр, әйелдер үшін 1,5 метр. Тұғырдан дұрыс секіру үшін спортшының шапшандығы 100 шақырымнан кем болмауы - жарыс шарты.
Қазіргі кезеңдегі дүниежүзілік тұғырдан секіру рекорды 61,3 метр, бұл рекордтың иесі - австралиялық спортшы майталман Г.Турлов.
Су шаңғысымен жаттығу тек жаз айларының ғана еншісіне тиген емес, қазіргі кезеңде қыс айларында су бассейініне жаттығу жасау мүмкіншілігі туып отыр.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.
Жарияланған-2019-06-25 16:38:40 Қаралды-4682
КӨКБҰТА

Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік.
ҚИМАҚТАР

Қимақтар - түркі тілдес тайпалар. Жазба деректерде қимақтар туралы VII ғасырдың басынан белгілі. Олар Батыс Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп, қимақтар одағын құрған.
ҚОЙБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Қойбүлдіргеннің жидегі - бағалы тағамның бірі. Оның құрамында адам денсаулығына қажетті заттар көп. Жидегінің хош иісі, тәтті дәмі болады.
ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ БЕЛГІСІ

Қазақ поэзиясының жұлдызы Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» атты поэмасы бар. Бұл поэмада Құралай сұлудың қайғылы да қасіретті тағдыры суреттеледі.