БИАТЛОН ТАРИХЫНАН
Категориясы: Спорт
Биатлон ... «атлон» грекше «күрес» деген сөз. Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысанына көздеп атып өнер көрсетеді. Биатлон спортының отаны Норвегия, алғашқы жарыс XVII ғасырдың 70 жылдарыңда өткізілді. Биатлон спортының жауынгерлік қару екеңдігі 1718 жылғы болған швед-норвегиялық соғысы кезінде өз нәтижесін берді. Соғыс жағдайында шаңғымен шапшаң сырғанайтын норвегия жауынгерлері мылтықты да орында пайдаланып, өз қарсыластарына ойсырата соққы берген, міне осы кезеңнен бастап спорттың бұл түрі бедел иесіне айналды. Мысалы, Норвегиядағы Лиллехаммер қаласының ел таңбасында әлі күнге дейін шашымен жаттығушы мергеннің бейнесі берілген. Биатлонды көп уақытқа дейін әскери адамдар өнері деп келді.
Биатлон спортынан 1958 жылы дүниежүзілік біріншілік өтті, ал 1960 жылы ол олимпиада бағдарламасына кіргізілді.
Биатлон бағдарламасы 10, 20 шақырымдық және 4x7,5 шақырымдық жарыс жолдарынан тұрады. Жарыс барысында спортшылар мылтықпен 70 м қашықтықтан нысана көздепте оқ атады. Биатлон спортынан алғашқы дүниежүзілік жарыс чемпионы тәжін кигендер Норвегия командасы екінші орынды ҚСРО, үшінші Швеция спортшылары. Бұл жарыс Австралия мемлекетінің жерінде өтті.
Олимпиада тарихында алғашқы чемпиондық атақты жеңіп алған швед спортшысы К. Лестандер болды.
Дүниежүзілік биатлон спортының тарихында төрт мәрте олимпиада медалын жеңіп алған бірінші спортшы Александр Тихонов (КСРО). Қазіргі кезенде дүниежүзілік биатлон одағына мүше елуге жуық мемлекеттер бар.
1984 жылдан бастап биатлон спортынан халықаралық жарыс жолына әйелдер шықты, осындай үлкен дода Францияның Шамони қаласында өтіп, бірішілікті Кеңес Одағының спортшысы Венера Чернышева жеңіп алды.
Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002.
Жарияланған-2019-06-24 09:20:12 Қаралды-5929
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАЛИТРА

Әр суретші дүниені өзінше көріп, өзінше бейнелейді. Әрқайсысы әр түрлі бояу үйлесімін ұнатады.
ЖАС ӨРІКТЕН ЖАСАЛҒАН САМБУК

Өрік мұқият жуылады. Сүйектерінен арылтылып, үстіне аздаған су қосып, үккішпен үгіледі. Өрік пюресіне құм шекер және шикі жұмыртқаның ақ уызы салынып, шайқалады.
ШАЙ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ АЙҒАҚТАР!

Шайдың шаршап шалдыққанда көңіл көтеріп, өсіресе, таңертең ішкен кезде ұйқы ашатынын және денені сергітіп, рахатқа бөлейтінін білеміз.
ЕСКЕРТКІШ

Салт аттының тегеурінді қолы құз-құяның ұшар басына жете бере асаудың басын әзер тартып тоқтатты. Екінші қолын алыс қиырларға қарай сілтепті.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПОРТРЕТ

Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады.
НЕЛІКТЕН ҚҰСТАРҒА МАМЫҚ ҚАЖЕТ?

Мамық қауырсындар кішкентай жотадан және ұзын икемді ойықтардан тұрады...