БАДМИНТОН ТАРИХЫНАН
Категориясы: Спорт
Бадминтон - спорт ойынының отаны Индия елі бола тұрып, оның дүние жүзіне мәлім болуы, ағылшын герцогі Бофорттың есімімен байланысты. Себебі ол өзінің туған қаласы Бадминтонға келгеннен кейін бұл спорт атын көпшілік арасыңда насихаттап, өмірғе жолдама береді. Ал бадминтон - Индия тұрғындары арасында «Пеона» деген атаумен белгілі болған спорт ойыны. Бұл ойынға ұқсас ойынның Қытай елінде де бар екендігі туралы саяхатшы Марко Поло мәлімет берген. Оның Қытайша аты «ди дзяунци». Ал Францияда «ұшатын қораз», Жапонияда «Ойнабс» яғни «ұшатын қауырсын» деп аталады.
Бадминтон ойыны жеке ойыншылар үшін көлемі 13x40x518 см, ал жұптасып ойнаушылар үшін 1340x610 см, алаңда ойналады.
1934 жылы. Лондон қаласыңда халықаралық федерация ұйымдастырылып, оған алпыстан астам ел мүше болды.
Бұл спорт ойынынның дүние жүзі халықтарының ең сүйіп ойнайтын спорт ойыны болуына зор күш-қайратын жұмсаған халықаралық федерациясының президенті Томас мырза.
Қазір әрбір үш жылда Томас кубогы үшін халықаралық жарыс өтіп тұрады.
Бадминтон 1988 жылғы олимпиадада алғаш рет көрсетілді.
Бадминтон ойынының шеберлері Дания, Швеция, Англия, Индонезия, Жапония және Қытайда өте көп.
1957 жылы Москва қаласында өткен дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалінің спорт бағдарламасында кіргізілді.
Бадминтон спортымен өуестенушілер, негізінен ақсүйектер немесе патша әулетінен шыққандардан болғаны тарихи деректерде бар. Мысалы, орыс тарихын жазушылардың бірі Н. И. Костомаровтың естелігінде төмендегідей дерек бар. II Екатерина патшаның заманында Парижде бай. Ришелье әулетінен шыққан дю Плесси бадминтон ойынының профессоры ретінде орыс ақсүйектерін «қауырсын шаңшылған доппен» ойнау тәсіліне машықтандырды, - деп жазады.
Қазіргі бадминтон добын ойлап тапқан ағылшын әйелі Анн Джексон.
Бадминтон стол және үлкен теннис аралығындағы ойын, оны меңгеру қиыншылық тудырмайды.
Ертедегі бай адамдар Бад-бадминтон клубына кіріп ойнауды зор мәртебеде санағын, сондықтанда клуб мүшелерінің арнайы тігілтен ойын киімдері болған. Мысалы, ерлер - басына қоқайма қалпақ, аяғына биік өкшелі етік киіп шықса әйелдер - қысқа юбкамен кең еткті қалпақ киетін болған.
Жарияланған-2019-06-21 17:05:27 Қаралды-9290
АЛТЫБАҚАН

Ертеректе ауыл сыртына кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады.
ПАРСЫ РУЛЕТ

Бұл - өрік пюресінен және қант помадасынан жасалған, рулет түрінде бөлініп, жармаланған бадамға аунатылған тағам.
АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.
БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.
ШУ ӨЗЕНІ

Шу өзені - Қазақстан мен Қырғызстан жеріндегі өзен. Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 800 км.