UF

АЛЬПИНИЗМ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Тауға қарап тамсану, оның басына шығу - адам баласының ізгі арманы, болғаны біздің бәрімізге мәлім қасиет.

Тарихи деректерге сүйенсек - әскери қолбасшылар Македонский, Ганнибал, Наполеон, Суворов сарбаздары небір қияннан өтіп, тауға ерлеп, тас жастанып талай жорықты сәтті аяқтағаны белгілі.

Жер бетінде теңіз денгейін екі шақырым жоғары орналасқан жер көлемі екі процент, үштен-бес шақырым биіктік үш процентке жуық жеті шақырымдық тау жүзге жуық болса, әйгілі сегіз шақырымдық шындар саны он төрт екен, осының барлығыңда да адамның ізі қалмаған биіктік жоқ.

Биік таулар орналасқан негізгі материктер: Америкадағы 6960 метрлік Аконкагуа, Еуропадағы 5633 метр Эльбрус, Азиадағы 8848 м, Эверест, Африкадағы 6000 м, Кидо.

Тауға өрлеуді спорттық жаттығуға айналдыруды ниететкендердің алғашқы тобы XV-XVI ғасырдан бастап пайда бола бастаған. Осыдай талаптанушыларды Антуан де Виль деген адам бастапты. Ол өзінің сегіз серігімен, биікгігі 2097 мертлік Монт-Эгюй деген тау басына шығыпты.

Ал 1519 жыл Испан әскерінің офицері екі жауынгерімен биіктігі 5452 м Попокатепель тауына шыққан. Бұл әскери жауынгердің есімі Диего де Оргаз.

Тауға шығышулар үшін ең қолайлы жер Альпі тау шатқалы болған, содан барып «Альпинизм» сөзі пайда болды. «Альпі» ертеде өмір сүрген Кельт тұқымдарының тілінде «биіктік» деген ұғымды білдіреді. Тауға шығу, бара-бара кәсіпке де айналды, нәтижеде альпинистермен катар «жүк көтерушілер», «жол көрсетушілер», «құтқарушылар» көсібі пайда болды.

Ресей тарихында алғашқы тауға шығушы саяхатшыларды жолға шығарып салу 1829 (жылы) жылдан басталған. Бұл саяхатшыларға жол көрсетуші болып Эльбрус тауы өңірінің тұрғыны Килар Хаширов қызмет көрсеттеді және тау басына тек оның өзі ғана көтеріледі. Сөйтіп, Еуропа континіентінде Эльбрусты алғашқы бағындырған Килар Хаширов есімі тарихта қалады. Бұл ерліктің жалғасы - 100 жылдан кейін жалғасады, оны бастаушылар ағылшындар болды. 1953 жылы ағылшын альпенистері Джон Хантгың басшылығымен дүниежұзіндегі ең биік шың «Эверестке» шығу ниеті іске асты. Сөйтіп, 1953 жылдың 29 мамырында Жаңазеландиялық Эдмунд Хиллари мен индиялық Тенцинг Норгей адам баласы армандаған Эвересті ауыздықтайды.

Дүниежүзінде өзінің ұлттық альпинистер федерациясын ұйымдастырған ағылшындар болды, бұл 1857 жыл еді.

Тауға шығуды ниет етушілердің санының күрт өсуі XIX ғасырдың аяғынан басталып, ол күн санап өсумен болды. Мысалы, Африка спортшылары 1989 жылғы өз елінін Килиманджаро, Оңтүстік Американдықтар 1897 жыл, Акконкагуа, жаңазеландиялықтар Кук тауларына шығып оның ұшар басынан өз жалауларын желбіретті.

Дүние жүзіндегі ең биік 8 мың м. астам шыңға шығу жорығы 1950 жылдардан басталады. Олар: Анапурна (8091 м), Нанга - Парабат (8125 м), Чогори, Чо ойо (8153 м), Канченджанга (8598 м), Макаду (8481 м), Лхоцзе (8511 м), Манаслу (8156 м), Брауд-Пик (7047 м), Хидден-Пик (8088 м), Дхаула-гири (8667 м), Шишы-Пангма (8046 м) т. б.

Биік шыңға шығу еріккеннің ермегі емес, оның өзіне төн қайғылы оқиғаларының болғаны да тарихта белгілі. Осындай қайғылы жағдай 1895 жылы болған. Ағылшын альпинисі А. Куммери өзінің төрт жолдастарымен Нанга- Парабат шыңына көтерілу кезінде 6400 м биіктіктен кейін негізгі бағытыннан адасып, тауда мәңгі шейіт болып қалады.

Тауға шығу барысыңда кездейсоқ оқиғалар да кездесіп отырған. 1889 жылы орыс топографы Пастухов Казбек шыңына бірінші шығып, оның басына қызыл жалау қадайды, оны төменнен байқап қалған полицейлер жалауды алып тастауды бұйырады. Пастухов алып тастаудан бас тартады да қызыл жалау ұзақ уақыт тау басында мен мұндалап желбірей тұрыпты.

8000 метрлік Аннапурны биік шыңына шыққан француз сұңқары Морис Эрцог тау жорығында қолымен аяқтарының саусақтарын үсітіп алған, кейіннен спорт министірі болған кезде: «Менің не жоғалтқанымды бәрің білесіндер, бірақ нені тапқанымды біле бермейсіндер», - деп қалжыңдапты өз әріптестеріне.

Халық биік тауға шығушы қырандарын ескерусіз қалдырған да емес, 8000 м тауға шыққандарға «Тау жолбарысы» деген атақ беру рәсімі бар. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының алты «Қар жолбарыстары» да бар.

1995 жылдың желтоқсанның 6-сы күні қарт Гималайдың шырқау шыңы Манаслуға шыққан Қазақстан альпинистері нағыз қаһармандық көрсетті.

Қазақстанның ұлттық құрама командасын бұл жолы Қазақстан Республикасы Альпинизм және тауға өрмелеу федерациясының президенті Қазбек Шәкімұлы Уәлиев бастап барып, Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытты. Осы оқиға жөнінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев үлкен ризашылық білдіруі тіпті де тегін емес.

Қазақстан экспедициясы Манаслу шыңына (8167 м биіктікке) шығу жөнінде өткен жылдың орта тұсында шешім қабылдаған еді. Бұл ретте Республика Жастар ісі, туризм және спорт комитеті үлкен іскерлік танытқан болатын. Шыңға шығуға рұқсат беруі үшін Непал корольдігіне 10. 000 АҚШ доллары да аударылған. Жас ортасы бітіп, күз тақаған кезде Армияшылар орталық спорт клубының жетекшісі Э. Ильинский экспедицианы басқарып барудан бас тартты, әлгі аударылған қаржы босқа кететін қауіп төңді.

Міне, осы тұста “Хан Тәңірі” Халықаралық алпинистер лагерінің ұжымы ерлік танытты. Лагердің төрағасы Қазбек Уәлиев - Гималай тауының биік шыңдарына бұған дейін үш рет шыққан азамат. Кезінде ҚСРО альпинистері құрама командасының капитаны болған. Биік шыңды бағындырудың қауіптілігін Қазбек бір адамдай-ақ жақсы білетін. Қыстың бас кезінде қалың қар жауып, қатты желдің ұйытқи соғыуымен тау басындағы қар көшкіні жиі болып тұратыны альпинизм мектебінің кәрі тарландарына бұрыннан белгілі. Бірақ Қазбек Уәлиев өз мүмкіндігіне сенді, әрі тәуекелге бел буды.

Қазбек Уәлиев еліміздің ұлттық құрама командасының Гималайға алып шығуға біржола бекем бел буып кірісті.”Хан Тәңірі ” Халықаралық альпинистік лагерінің командасы бұл жауапкершілікті өз мойнына түгелдей алды. Сонымен Манаслу шыңына шығу бағыты белгіленіп желтоқсанның бас кезінде ұлттық Қазақстан құрама командасы қарт Гималайдың қаһарлы қысына қарамай, өрге қарай жол тапты.

Төрт жүп тізбектесе өрмелеп төрт кезенді алуы керек. Дәлірек айтсақ, бір бекетке барып, сол бекеттен қайта қайтады. 4800 м биіктікте негізгі аялдау орны белгіленеді. Содан кейін 5500 м, 6300, 7000, 7500 метр биіктіктерде төрт бекет жасалады. Осы іс біткеннен кейін соңғы нүктеге шабуыл басталады. Неге? Жаңағы барған бірінші бекетке көші-қон жайғасады. Онда ас-су, киім-кешек қойып паналайтын ықтырма жасалады. Оны бекітіп, орнықтырып, тиянақтайды.

Ертеңіне екінші кезеңге дәл осындай қалыппен шығады. Сонан соң үшінші, кейін төртінші бекетке ат басын тірейді. Бір ғажабы - альпинистер өр бекет сайын қайтадан төмен түсіп, тағы да жоғары шығады. Бесінші бекет-шабуыл шегі. Ол барлығына бірдей. Осы сәт экспедициядағы өзара жұптасқан төрт топ шыңға бірінен соң бірі өрмелейді. Бұл альпинистер тілінде шабуыл шегі деп аталады.

Міне, олар биік шыңның төбесіне де шықты-ау! Юрий Мойсеев, команданың капитаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Манаслу шыңының төбесіне бірінші болып желбірете тікті. Экспедиция мүшелері түгел келіп, төменге қайта түскенше шың басында Ю. Моисеев бір сағат 40 минут тұрды. Ойлап көрініз, сөкентіне 30 метр жылдамдықпен ұрып тұрған жел, 50 градустың о жақ, бұл жағындағы аяз, әрі жап-жалтыр мұз үстінде дәл осындай ерлік көрсету екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Ертеңінде Неопал корольдігінің үкімет басшылары, Туризм жөніндегі министрлігінің өкілдері Қазақстан экспедициясының Гималайдағы Манаслу шыңына жасаған жорығын ерлік пен қаһармандықтың үлгісі деп бағалады. Айтса айтқандай еді. Қазақстанның ұлттық құрама командасы әлемде 1995 жылы Гималай шыңына өрмелеген ең таңдаулы команда деген бағаға ие болды.

  Жарияланған-2019-06-21 14:15:11     Қаралды-3662

Мәлімет сізге көмек берді ма

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАНА - ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕЙДІ

...

Бұл – биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көпшілікке белгілі бір жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҰЗДАУ ЖӘНЕ МАРИНАДТАУ ҚАРАПАЙЫМ РЕЦЕПТІЛЕР

...

Негізінде қияр ағаш кеспектерге тұздалады. Тұздалатын қияр үстіне құйылатын тұздық бөлек дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРТ - АСЫЛ ТАС, ІРІМШІК - ПАЙДА АС!

...

Мәйек - әлі отықпай тұрып сойылған жас қозының ұлтабары. Мұндай ұлтабардың уызды өңезі (сары уызы) болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛГЕБРА ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

...

Алгебра ғылым ретінде – бөлімдер мен ұғымдардың пайда болу тарихы, жіктелуі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СЕМЕИ

...

Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »