МУДИ (ВЕНГР ОВЧАРКАСЫ)
Категориясы: Жануарлар
Бұл Венгрия шопандары XIX ғасырда шығарған венгр овчаркасы. Муди - кішкентай ғана, өте ширақ ит. Бақташылық инстинкті жақсы дамыған. Соған орай бақташылыққа тез дағдыланып, малды жақсы бағады. Иттің бұл тұқымы Закарпат облысының шаруашылықтарында кеңінен пайдаланылады. Мұнда 1 шопан 2 итпен 700-800 қойы бар бір отарды егістік пен ағаш көшеті тігілген жерлердің арасында жая береді. Бұл иттер өз міндетін жақсы атқарады. Егінге мал түсірмейді.
Муди - тарамыс денелі ит түріне жатады, ол ірі емес (шоқтығынан есептегенде 47 сантиметрге дейін болады), бірақ бұлшық етті, шымыр. Кеуде бөлігі шалқақ, шаршылана біткен. Басы сопақша, сына тәріздес. Маңдайы сәл дөңестеу. Тұмсығы қысқа, маңдайлығы кең, ерні құргақ. Маңдай мен тұмсығының арасы қосылып жатады. Тістері ақ, тығыз, тістенгенде тістері қайшыланып түседі. Көздері қысыңқы, түсі - қоңыр. Құлақтары кішкентай, үш бұрыш формасында, жоғары орналасқан, тік тұрады. Мойыны қысқа, арқалығына 45 градус бұрыш жасай орналасқан. Шоқтығы шығыңқы. Арқасы түзу, қысқа, сегізкөзі де қысқа біткен, сәл шығыңқы. Сауыры солыңқы емес. Құйрығы қысқа, кеудесі ойың әрі кең. Алдыңғы аяқтары - алдыңғы сандары жарыса түзу біткен, жіліншігі салбыраңқы, табаны дөңгелек. Артқы тілерсектері үш бұрыштанып келеді. Тез қозғалады, шалымды.
Бұл ит негізінеп жүріс үстінде жұмыс істейді. Жүні өте тығыз, жылтырап тұрады, бұйра. Басы мен аяғының алдыңғы жағындағы жүні қысқа, қиялай өскен. Ал мойын, кеуде бөлігінің жүні ұзын, әрі тығыз. Жүнінің түсі қара, әр түрлі реңді буырыл, кейде тарғыл және ақ түстісі де кездеседі.
Жарияланған-2019-06-17 17:34:46 Қаралды-1939
ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?
Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...
СУРЕТТІ БОЯУМЕН САЛУДЫ ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?
Бізге дейінгі мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген ертедегі суретшілер үңгірдің қабырғасына, жартастарға... сонан соң өз денелеріне сурет салған екен
ҚОЙ - КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ӨМІРІНДЕ ӨМІРІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ
Ежелден қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешті. Мал мен оның өнімдері көшпелі өмірде аса қолайлы игілікке саналды.
СҮТ ҚАЙНАТПАСЫ
Сүт қайнатылып, үстіне қант қосылады да ваниль ұнтағы салынады. Оның үстіне бөктірілген желатин салынып, қайнатылады.
АРАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Сіз оны солтүстік жарты шарда іздеуіңіз керек, аралды екі мұхит - Атлант және Арктика жуады.