ПУМИ
Категориясы: Жануарлар
Бұл да ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымының бірі. Венгрияның далалы аудандарында шығарылған. Пуми мен ұсақ неміс овчаркаларын шағылыстыру арқылы алынған. Қой, шошқа, сиыр және құс бағу үшін пайдаланылады. Алғаш рет пуми Батыс Украинаға әкелінді. Қазіргі кезде Қазақстанда да кең тараған.
Пуми өте жақсы бақташы ит тұқымы болып табылады. Тез үйреніп, тез дағдыланады. Қойды да сирек қабады. Мұның басты кемістігі - өте ұсақ. Соған орай биік шөпті және бұталы жерлерде мал бағуы қиын. Сондай-ақ малды жыртқыш аңдардан да қорғай алмайды.
Конституциялық типі бойынша ашаң, ширақ типке жатады. Сүйегі жеңіл. Төбетінің шоқтығынан биіктігі 40-45 см, қаншығының бұл көрсеткіші – 35-40 см. Жүні қатты, қысқа. Түбіті қалың. Үстіңгі ернінде «мұрты», төменгі ернінде тамағынан бастап «сақалы» бар. Мұрты да, сақалы да тікірейіп немесе толқындалып тұрады.
Жүнінің түсі реңді сұр, қара, сарыала, ашық қуқылсары және қоңыр келеді.
Сына тәрізді басы қысқа, ашаң, бас сүйегі айтарлықтай кең. Маңдайы тегіс, тұмсығының маңдайға ұласар тұсы онша көзге ұрмайды. Тұмсығы қысқа, сүйір. Бірақ мұрты мен сақалына бола жуан әрі ұзын болып көрінеді. Үш бұрышты құлағы тік және жартылай тікейеді. Былайынша жан-жағына жалпылдап жүреді де, қауіптенген сәтте жоғары көтеріп алады.
Көзі түйме секілді дөңгелек, қоңыр түсті үлкен.
Тісі мықты, ақ, бір-біріне тығыз орныққан. Қайшы тәрізді тістеседі. Күрек тістері бір сызық бойына орналасқан.
Мойны бұлшық етті, бірақ ашаң әрі қысқа. Кеудесі кең де терең. Көкірегінің астыңғы қыры садақ сүйегімен бір сызықта тұрады. Іші тартыңқы. Шоқтығы биік. Бірден көзге түседі. Арқасы қысқа болғанмен серпімді, аздап доңестеу. Сауыры өзіне тән кең, жұмыр, құйымшағына қарай салынды.
Алдыңғы аяқтары түзу және қатарлас. Алдыңғы жіліншіктері қысқа. Жүні қалың болғандықтан аяғы жуан болып көрінеді.
Артқы аяқтары артынан қарағанда түзу де қатарлас. Бөксесі бұлшық етті, тізе бұрыштары байқала қоймайды. Сирақтары қысқа, тірсек буындары ашаң, тегіс. Табаны (артқы да, алдыңғы да) тығыз, жұдырық сияқты, әрі жалпақ та үлкен болып көрінеді. Тырнақтарының түсі - қара.
Жеңіл қозғалып, ширақ жүреді. Жақсы секіре алады. Өзіне тән жүріс мәнері - тез де жеңіл шоқырақтау.
Жарияланған-2019-06-17 17:28:56 Қаралды-1535
ЯДРОЛЫҚ ҰРЫС ЖАБДЫҚТАРЫ
Ядролық ұрыс жабдықтары - зақымдаушы әрекеті ядролық жарылыстың энергиясын пайдалануға негізделген ұрыс жабдықтары.
ТӘТТІЛЕР РЕЦЕПТІЛЕРІ
Дастарқанын түрлендіре түскен қыз-келіншектеріне үмітпен тіске басар тәттілер - торт, печенье, пирогтар.
ҚАНТ АЛЫНАТЫН АҒАШТЫ БІЛЕСІҢДЕР МЕ?
Біздің түсінігімізше қант - қант қызылшасынан немесе қант қамысынан алынатыны белгілі. Ал, ағаштан қант жасалатыны бізге онша таныс емес. Ол қандай ағаш, қайда өседі, қант қалай алынады және т.б.? Ғалымдар үйеңкінің 150-ден астам түрі бар деп есептейді.
ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ
Терең табаға қант салынып, жақсы жанып жатқан отқа қойылады. Ол ашық қоңыр түске енгенше қыздырылып, жаңғақ дәндері қосылады да бәрі жақсылап тез-тез араластырылады.
ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!
«Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді.