КАВКАЗ ОВЧАРКАСЫ
Категориясы: Жануарлар
Кавказ овчаркасы - ертеден келе жатқан отандық бақташы ит тұқымы. Бұған адам әсері аз тиді де өзінің алғашқы типін таза сақтап қалды. Ол тек ауа райының жағдайына қарай кейбір қасиеттерін ғана өзгертті.
Кавказ овчаркасы Совет Одағында оте көп тараған. Ол Закавказья республикаларында - Грузияда, Арменияда, Азербайжанда өте көп пайдаланылады. Одан әрі Ставрополь және Краснодар өлкелері мен Поволжьеде де өсіріледі. Кавказ овчаркалары шетелдерге де кең тараған. Әсіресе Түркия мен Иранда өте көп. Бұл елдерде кавказ овчаркасы туыстас тұқым - ортаазия овчаркасымен будандастырылады.
Кавказ овчаркасының арғы тегі - өте ірі иттердің ерте кездегі тұқымы, дүние жүзіндегі барлық дог тәрізді иттер тұқымының басы - тибет догы деп есептелінеді.
Кавказ овчаркасының негізгі атқаратын міндеті - малды жыртқыш аңдардан қорғау. Табиғи ызалылығы, батылдығы мен күштілігі, сондай-ақ жергілікті жердің қиын жағдайына, ұзақ уақыт көшіп-қонуға көнбістігі осы тип овчаркаларының ішінде оны бірінші орынға шығарады.
Қабағандығына, бөгде кісіге сенімсіздігі мен сақтығына байланысты оған мамандар ертеден-ақ көңіл аударды. Мұндай қасиеттер әсіресе қарауыл қызметіне пайдаланылатын иттер үшін жоғары бағаланады. Міне, сондықтан да кавказ овчаркасы сонау 1765 жылы-ақ түрік армиясында қарауыл қызметі үшін пайдаланылған. Россияда Кавказдағы соғыс кезінде барлық әскери қамалдар қарауыл қызметі үшін осы кавказ овчаркасын пайдалану жөнінде командования арнайы бұйрық шығарған.
Ауа райы әр түрлі аудандарда шығарылғандықтан бұл ит тұқымының таулық және далалық деп аталатын екі типі бар. Закавказья аудандарының иттері едәуір ірі, ұзын жүнді, ал далалы аудандарының иттері жеңілдеу, биік, көбінесе қысқа жүнді келеді.
Кавказ овчаркалары - ірі және ортадан жоғары болып табылады. Конституциясының типі жөнінен ширақ және тұрпайы (дөрекі) типке жатады.
Төзімділігі, күй талғамаушылығы, түрлі ауа райы жағдайында асырауға көнбістігі оны Совет Одағының барлық аудандарында өсіруге мүмкіндік береді.
Төбеті үшін шоқтығынан биіктігі 65 сантиметрден, қаншығы үшін бұл көрсеткіш 60 сантиметрден кем болмауға тиіс. Кеудесі домалақтау немесе аздап ұзыншалау болады. Жоғары нерв қызметі бойынша салмақты келеді. Қорғану реакциясы жақсы жетілген. Ірі жүні тік тұрады. Түбіті ашық түсті, жақсы жетілген. Басы мен аяқтарының сыртқы жүні қысқа.
Түсі әр түрлі - әдетте, ашық және сарғыш реңді сұр, қуқыл-сарғылт, сары қоңыр, тарғыл, сондай-ақ ала.
Қара, қуқыл қара, қызыл қоңыр түсті ит кемістігі бар ит болып табылады.
Басы үлкен, бас сүйегі кең, жағы жақсы жетілген. Кең де жазық маңдайы жіңішке «жырашықпен» екіге бөлінген. Маңдайдың тұмсыққа ұласар тұсы анық білінбейді. Тұмсығы маңдайының ұзындығынан қысқа, онша сүйір емес, еріндері қалың. Тұмсығының ұшы доғалдау, түсі қара келеді. Ақ және ашық нуқыл түсті иттердің тұмсығының үшы қоңыр болса бұл олардың кемістігі деп есептелінбейді.
Құлағы тік тұрмайды, жоғарырақ біткен, қысқа етіп кесілген тәрізді, көздері қиғаштау біткен, қоңыр түсті, онша үлкен емес, қиығы сопақтау, әрі терең.
Тістері ақ, ірі, жақсы жетілген, оның үстіне бір-біріне тығыз орныққан. Күрек тістері бір сызыққа орналасқан. Қайшы тәрізді тістеседі.
Мойны қысқа да мықты. Арқа қыры бойынша 30-40° бұрыштана біткен. Кеудесі кең де терең, аздап жұмырлау келеді. Көкірегінің астыңғы қыры тізесімен қарайлас немесе одан төмен тұрады. Ұшы тартыңқы, шоқтығы кең, бұлшық етті әрі арқа қырынан бөлектеніп тұрады. Арқасы кең, түзу, бұлшық етті. Белі қысқа болғанымен кең, аздап дөңестеу. Сауыры кең, бұлшық етті. Құйрығы биік біткен. Төмен түсіргенде тілерсегіне дейін жетеді. Құйрығын орақ не ілмек сияқты етіп немесе сақина тәрізді дөңгелентіп алады.
Алдыңғы аяқтары алдынан қарағанда түп-түзу көрінеді әрі бір-біріне қатарлас тұрады.
Алдыңғы саны түзу, жуан, ұзындығы қалыпты. Сирақтары қысқа, бірақ жуан. Алдыңғы аяқтарының садақсүйекке дейінгі ұзындығы шоқтығының жартысындай.
Артқы аяқтары артынан қарағанда түп-түзу және бір-біріне қатарлас тұрады. Бүйірінен қарағанда сынасүйек буыны тұсынан аздап түзуленеді. Сирақтары қысқа, тірсек буыны күшті, кең. Артқы жіліншігі жуан. Артқы аяқтары шығыңқы емес. Жамбас дөңесінен түсетін сызық тірсек буыны мен артқы жіліншігінің ортасынан өтуге тиіс.
Алдыңғы және артқы аяқтарының табаны жалпақ, жұмылған жұдырықтай тұтас. Кавказ овчаркасы еркін қозгалады, әдетте асықпайды. Өзіне тән жүріс мәнері - желе жорту. Әрі кеткенде ауыр шоқырақтайды.
Дисквалификациялық кемістікке жүнінің түсі қара және қызыл қоңыр иттер жатады.
Жарияланған-2019-06-17 17:12:25 Қаралды-2717
ТОНЫКӨК ЕСКЕРТКІШІ
Ақылгөй Тоныкөктің құрметіне қойылған тас тақта өзінің бұйрығы бойынша шамамен 716 жылы қашалып жасалған. Бұл ескерткіш 1897 жылы Баин-Цокто шатқалынан табылған. Қазіргі кезде ол Моңғол Республикасының астанасы - Улан-Батор қаласынан 60 шақырым жерде орна
ЕҢ АЛҒАШ ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТ ҚАЙ ЖЕРДЕ САЛЫНДЫ?
Бірінші көпқабатты ғимарат 1885 жылы Чикагода пайда болды деп есептеледі.
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА (печенье)
Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді. Ол төрт-бес бөлікке бөлініп, жарты сантиметрдей қалыңдықта жайылады.
ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТ ТАРИХЫНАН
Желкенді кемемен жүзу өнерін дүниежүзіне паш еткен саяхатшылар арасында екі есім ерекше аталады
ТӘТТІЛЕР РЕЦЕПТІЛЕРІ
Дастарқанын түрлендіре түскен қыз-келіншектеріне үмітпен тіске басар тәттілер - торт, печенье, пирогтар.