UF

НЕМІС ОВЧАРКАСЫ

Категориясы: Жануарлар


Бұл овчарка өткен ғасырдың аяғында шығарылып, әуелі Германияның түрлі облыстарында қой бағатын бақташы ит ретінде пайдаланылды.

Бірінші неміс овчаркасы 1882 жылы Ганновер көрмесіне осы тұқымның өкілі ретінде алғаш рет әкелінді. Ол кішкентай ғана Грейф деген ит болатын. Осы Грейф мал жаю жөнінен бүкіл овчаркадан озып шығып, көпке танымал болды. Сондықтан да ол осы тұқымның төбеті ретінде бірінші болып тіркеледі.

Қазіргі кезде бұл тұқымның иттері өте кең тараған қызмет иттері болып табылады. Олар өте жан-жақты, сондай-ақ ауа райының түрлі жағдайларына бейімделуге қабілетті-ақ. Батыл, төзімді, бөгде кісілерге сенбейді, сақ, қабаған, иесін жақсы тыңдайды, түрлі үйрету жағдайына тез дағдыланады.

Алайда осындай жетістіктерімен қатар, неміс овчаркасының кемістіктері де бар. Оларды қарауыл, қорғаныс қарауылы және іздеу, яғни қылмыскер іздеу қызметіне көп пайдалану көптеген неміс овчаркасының тым қабаған болуына әкеліп соқтырады. Отарды жайып жүрген кезінде қойды қауып алатыны да сондықтан. Соған орай неміс овчаркасын мал, әсіресе қой бағуға іріктегенде қабаған емес,жуастарын іздеу қажет. Ал күшікті қолға үйреткенде қойды қауып үйрепбеуін, не болмаса жармаспауын қадағалап отырғап дұрыс. Неміс овчаркасып отар күзетуге пайдаланғанда осындай қасиеттеріне міндетті түрде көңіл аудару керек.

Неміс овчаркасы - мықты конституциялы, сүйегі мен бұлшық еті жақсы жетілген ит. Терісі денесіне тегіс тартылып жатады, қатпарланбайды, салбырап та жатпайды. Бойы орташадан биіктеу. Төбетінің шоқтығынан биіктігі – 65-70 см, қаншығының бұл көрсеткіші – 61-66 см. Төбеттің де, қаншықтың да биіктігінде 2 см ауытқу болады. Ал төбет 63 сантиметрден аласа, 72 сантиметрден биік, қаншық 58 сантиметрден аласа, 68 сантиметрден биік болса кемістігі бар, яғни мүкіс деп есептелінеді.

Кеудесі ұзыншалау келеді. Егер иттің кеудесі домаланып немесе қысқалау келсе бұл да кемістік болып табылады. Жыныстық типі айқын байқалады. Төбеті қаншығына қарағанда ірі, кеуделі келеді. Шоқтығы да ерекше көзге түседі. Басы үлкен болады. Неміс овчаркасы аса салмақты, дегенмен жоғары нерв қызметі бойынша ширақ типке жатады. Оның әсіресе қорғану реакциясы мықты.

Жүні қалың, қатты, түбіті жақсы жетілген. Басының, құлағы мен сирағының жүні қысқа да денесінің қалған бөлігінің жүні ұзын болады.

Түсі қара, қуқылдау қара, түрлі реңді сарғыштау және сұр келеді. Ақ, қоңыр, тарғыл, қуқыл сары, көк, сондай-ақ реңді болса бракқа шығарылады.

Басы сына тәрізді, үлкен, бас сүйегі жалпақ. Маңдайы қарақұсынан бастап жазық, тек алдыңғы бөлігі дөңестеу. Маңдайының тұмсыққа ұласар тұсы аздап білініп тұрады. Тұмсығы үшкір, еріндері жіңішке, тұмсығының ұшы қара.

Құлағы тік тұрады, онша үлкен емес, ұштары алға қарай және жоғары бағытталған.

Көзі қоңыр, қасы көзіне жақын біткен. Көз қиығы сопақ.

Тісі ірі, ақ, бір-біріне тығыз орныққан. Күрек тістері бір қатарға орналасқан. Қайшы тәрізді тістеседі.

Мойны мықты, бұлшық етті, ұзындығы басының ұзындығымен бірдей. Арқа қыры бойынша 40-45° бұрыштана біткен.

Кеудесінің формасы сопақ, ұзын, кең де терең. Кеудесінің астыңғы қыры садақсүйектен жоғары тұруға тиіс.

Іші тартыңқы. Шоқтығы жақсы жетілген, арқа қырынан едәуір көтеріңкі. Арқасы мықты, жазық та кең. Белі қысқа, кең, сауырына қарай дөңестенеді. Сауыры жұмыр, кең, бұлінық етті. Ол құйымшақ түбіне қарай бірте-бірте түседі.

Құйрығы қылыш тәрізді, ұшы тілерсегіне жетеді, кейде одан да асады. Қалыпты жағдайда бұл ит құйрығын төмен түсіріп жүреді, ал ызаланған кезінде құйрығының алғашқы үштен бірін арқа қырымен бірдей етіп ұстап, қалған үштен екісін жоғары қарай иеді.

Алдыңғы аяқтары түзу және бір-біріне параллель орналасқан. Иығы бұлшық етті. Бұрыштары анық білініп тұрады. Алдыңғы саны түзу. Олар бір-біріне параллель және тіп-тік біткен. Жіліншіктері ұзын, серпімді. Алдыңғы аяқтарының садаңсүйекке дейінгі ұзындығы шоқтығының жартысынан асады.

Артқы аяқтары артынан қарағанда түзу және өзара қатарласа біткен. Бөксесінің бұлшық еті жақсы жетілген. Сондықтан да жұп-жұмыр. Ортан жіліктері сәл қиыстау біткен. Тізелері жұмыр. Қиыстау біткен сирақтары ұзын. Тілерсектері жазық, бұрыштары айқын білініп тұрады. Артқы аяқтарын басқанда сирақтары жамбас тұсынан әрі тұрады. Артқы жіліншіктері берік.

Табандары (алдыңғысы да, артқысы да) сопақ, түйілген жұдырықтай мықты.

Еркін, желе жортып жүреді. Желе жортқан кезде аяқтарын түзу ұстауға тиіс. Алдыңғы аяқтарыныңда, артқы аяқтарының да буындары еркін жазылады. Арқасы мен белі серпіледі. Шоқтығы мен жауырыны желе жортқан кезде бір деңгейде болуы керек.

Кез-келген түсті иттің тұмсығының ұшы сұр болса, құлағы салбырап тұрса, құйрығы қысқа, жүні сабалақ әрі ұзын болса, бұл оның кемістігі болып табылады.

  Жарияланған-2019-06-17 17:06:52     Қаралды-17317

Мәлімет сізге көмек берді ма

КҮЙМЕСГҮЛ

...

Күймесгүл - көпжылдық, өте улы өсімдік. Бұтақты сабағын қалың түк басқан. Гүлі күлгін қызғылт түсті. Жағымсыз иісі болғандықтан, мал да жемейді. Ұлпасынан қатты күйдіргіш зат бөлінеді. Жаңбырлы күндері гүлін бұтағымен жұлып алса, денеге тиген жерін күйдір

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АЛГЕБРА АЛГЕБРАҒА АЙНАЛДЫ?

...

9 ғасырда өмір сүрген Орта Азия математигі әл-Хорезми бірінші дәрежелі...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІРІҢКЕ НЕДЕН ЖАСАЛАДЫ?

...

Сіріңке ағаш таяқшадан (сабаннан) дайындалады, оның басы жайылған жерге (үккіш) үйкелген кезде жанып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘСТҮРЛІ ТӘТТІ ТАҒАМДАР

...

Табаға 3-4 сантиметр қалыңдықта ұн салынады да, духовкаға немесе газ плитасына қойылып, шала қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЭПИЦЕНТРІ

...

Жарылыстың эпицентрі - жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАС ҚАЛАНЫҢ БАҒБАНШЫСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

...

Алматы - Алатаудың іргесінде орналасқан жасыл желекті қала. Осы қаланың бау-бақшаға айналуына зор үлес қосқан бағбаншылар қатарына Э.О. Баум, П.Рурдэ, Н.Моисеев, Е. Редько және т.б. атауға болады. Ал, Алматыда бау-бақша өсіруге улес қосқан Алаш азаматтары

ТОЛЫҒЫРАҚ »