ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ
Категориясы: Ғарыш
ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ - эллипстік орбитасы тұңғыш рет есептеліп шығарылған және оның Күнге қайтып оралатын уақыты анықталған жарық комета. Бұл кометаны бірінші рет Э. Галлей болжаған (1705), ал француз ғалымы А. Клеро оның перигелийден өту мерзімін дәл есептеп шығарған. Галлей кометаның Күнді айналу уақыты шамамен 75-76 жыл. Галлей кометаның перигелийдегі қашықтығы 0,587, ал афелийдегі қашықтығы 35 астрономиялық бірлік. Галлей кометаның алдын ала көрсетілген уақытта, яғни 1759 ж. 12 наурызда перигелийден өтуі, Ньютон механикасының дұрыстығын дәлелдеді. Мұнан кейін Галлей комета перигелийден 1835 ж. өтті. Галлей кометаның соңғы рет 1910 ж. 19 майда перигелийден өтуі кометаның физикалық табиғаты жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік берді. 1909 жылға дейін Галлей кометаның б. з. б. 446 жылдан бастап 29 рет байқалғандығы дәлелденген. Галлей кометаның перигелийден 1986 жылдың қаңтарында өткен. Бұл - комета құрамын тікелей анықтау мақсатымен оған ракета-зонд жіберуге қолайлы жағдай болмақ.
Жарияланған-2019-05-04 17:00:24 Қаралды-3489
Өзен қиылысы

Әртүрлі өзендердің қиылысуы – әдеттегі іс. Бірақ, Велна және Нельба өзендерінің қиылысы таңқаларлық ерекшелік. Сіз сөзсіз таң қаласыз.
ҚАУЫНҚҰРТ

Қауын ортасынан жарылады. Дәні алынып тасталынады. Қабығынан аршылған еті бөлек алынып, жұқалап туралады.
ӘУЕДЕГІ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС

Әуедегі ядролық жарылыс - жарқыл аймағы барынша жарқыраған сәтте жер бетіне (суға) жетпейтін жарылыс. Әуедегі ядролық жарылыс биіктігі ядролық қарудың қуатына байланысты жүздеген метрден бірнеше километрге дейіңгі аралықта болуы мүмкін.
ПАЙҒАМБАР НЕГЕ БАЛДЫ (ӘСЕЛ) ТАҢДАМАДЫ?

Расында, ең шырынды гүл мен шүйгінді шөптен жиналатын балдың адам денсаулығына пайдасы зор екені бесенеден белгілі.
РАДИОАКТИВТІ ЗАҚЫМ

Радиоактивті зақым дролық жарылыс бұлтынан радиоактивті заттардың жерге түсуі немесе АЭС апаты кезінде атмосфераға шығарылуы нәтижесінде жердің, су мен ауаның зақымдануы.
ПАРСЫ РУЛЕТ

Бұл - өрік пюресінен және қант помадасынан жасалған, рулет түрінде бөлініп, жармаланған бадамға аунатылған тағам.