СУРЕТШІЛЕР ФОН ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАДЫ?
Категориясы: Өнер
А.Матисс (1869-1954 жж.). "Қызыл бөлме". Деталь
Шығарма мейлі тарихи тақырыпқа арналсын, мейлі жәй әншейін тұрмыс көрінісіне арналсын, онда бейнелейтін оқиға не қалада, көшеде, не үй ішінде, не табиғат ортасында, әйтеуір бір нақты аяда өтетіні белгілі.
Міне, сондай аяны фон дейді. Суретші фонды бейнелегенде, өз кейіпкерінің дараланып тұруын көздейді. Сол сияқты ол өзі салып отырған көрініске байланысты көңіл-күйін де сездіртуге тырысып бағады.
В. Васнецовтың «Аленушкасын» кім-кім де жақсы білетін шығар.
Бұлақ басында жабырқау қыз отыр. Төңірегі сыңсыған орман. Жіп-жіңішке үйеңкіден алтын жапырақтар саулап төгіліп жатыр.
Мұндағы орман - шығарманың фоны, бірақ ол қыздың бейнесімен тұтас әлемге айналып кеткен. Аленушка сияқты ол да әсем, ол да мұңлы.
Фон кейде бір кейіп, бір өң боп келуі де мүмкін. Сондай жылмита боялған бір өңнің үстіне, әдетте, адам портреті салынады.
Мұндайда суретші өзі салып отырған адамның мінез-құлқын, көңіл-күйін мейлінше дәл жеткізетіндей фон таңдайды.
Жарияланған-2016-11-17 13:28:56 Қаралды-4062
ҚИЫР СОЛТҮСТІКТЕ, АРКТИКА АЙМАҒЫНДА МҰЗ ЕШҚАШАН ДА ЕРМЕЙДІ?

Қып-қысқа поляр жазында күн жоғары көтерілмейді, ал оның қызуы аз сәулелері мұз бен қарға тура, айнаға түскендей шағыласады.
АЛМА СТРУДЕЛІ

Бадам және жүзім араластырылған алма повидлосын арасына қабаттап салған қамырдан жасалған тағамды алма струделі дейді.
ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ

10 ғасырда жазған араб географтарының (Ибн Хордадбек, Макдиси) айтуынша, Үргеніш бүкіл Хорезмде көлемі жағынан екінші қала болған.
Ақ-қара фильмдерді қалай бояйды?

Соңғы кездері ескі ақ-қара фильмдерді бояу сәнге айналды. Бүгінгі таңдаақ-қара фильмдерді бояу технологиясы дамып кетті. Баяу процесі былай жүргізіледі: фильм санды форматқа ауыстырылады және бөлек кадрларға бөлінеді.