КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ФАС
Категориясы: Өнер
Ол француздың «Fасе» - «бет» деген сөзінен шыққан. Портретте фасы көрсетіліпті деген сөз, адамды бет алдынан, бүкіл дидарын түгел көреміз, көз бе көз сөйлесіп отырғандай әсер аламыз деген сөз. Мәселен, мынау Мореттаның портреті солай салынған. Ол, шамасы, қолындағы қаруын қыса ұстам, кісіге тіке қараған байсалды бет жүзіне қарағанда, жігерлі де батыл адам болса керек.
Ганс Гольбейн-кішісі (1497-1513 жж.). Шарль де Солье, сир де Мореттің портретті.
Портретті суретші Ганс Гольбейн салған. Ол ағайынды Гольбейндердің кішісі, XV ғасырда Германияда туғанмен, ғұмырының ұзақ жылдарын Англияда, ағылшын сарайында сарай суретшісі боп өткізген.
Гольбейн өз заманындағы атақты адамдар мен жәй қала тұрғындарының көптеген портреттерін салды. Суретші адамның бет бейнесін ойлы, шынайы жеткізеді. Ол адамның үстіндегі киімі мен төңірегіндегі сөл нәрселерге дейін мұқият зерттеп, асқан шеберлікпен бейнелейді. Моретта портретіндегі тері мен жібектің түр-түсінің әр құбылғанына дейін қаншалықты дәл берілген десеңізші!
Адамның бет-бейнесін қарсы алдынан бейнелеу әдісі тек сурет өнері ғана емес, металдан жасалған ежелгі бедерлерден де жиі ұшырасады. Мына бір қола табақта еркек кісінің бет әлпеті бейнеленіпті. Ол біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдағы этрус шеберінің туындысы.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-17 13:23:09 Қаралды-3047
ЖАҢҒАҚ ПЕЧЕНЬЕСІ

Кастрюльге қант, ұнтақталған жаңғақ және жұмыртқаның сары уызы салынып араластырылады.
ЕЛ БАСҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

Тәңірқұт - Ғұн мемлекетінің ең жоғары билеушісінің лауазымы. Қытай тарихи еңбектерінде «тәңірқұт» сөзі «Тәңір ұлы», «Көктің ұлы» мағынасын білдіреді.
БОТСВАНА МЕМЛЕКЕТТІ

Оңтүстік Африкадағы мемлекет. Британ ынтымағының мүшесі, 1966 жылға дейін Бечуаналенд аталды.
ОРАЗ МҰХАММЕД ДАСТАНЫ

Казақ жері туралы жазылған тарихи еңбектердің бірі - «Жылнамалар жинағы». Кітап «Ораз Мұхаммед дастаны» деп те аталады. Оны XVII ғасырдың басында қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі Қадырғали Қосымұлы Жалайыр жазған.
КҮМІС АЛУ

Күміс алу (теңге алу) - өте қызықты, -жігітті сынайтын ойындардың бірі. Белгіленген арақашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе тенге тасталынады. Шабандоздар кезек алып тізбекке тұрады.
ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.