КЕМПІРҚОСАҚТЫҢ ЖЕТІ ТҮС
Категориясы: Өнер
Аспан төрін айқара керіп кемпірқосақ орнапты. Оның түсі қандай? Дәлірек айтсақ, онда қанша түс бар? Күн спектрі қанша түстен тұратын болса, онда да сонша түс бар. Түстердің саны белгілі: бар болғаны жетеу-ақ. Ал, бірақ әр түсте қанша реңк бар, оны санап шығу еш мүмкін емес. Табиғаттың бояу байлығын жақсылап ұғыну үшін дүниеге дұрыстап зер сала білуге үйренуіміз керек.
Түстер жылы, суық боп екіге бөлінеді. Сары, қызыл, қызғылт сары жылы түстерге жатады. Ол күзгі жапырақтың, кешкі шапақтың, піскен нарт алманың түстері. Көк, күлгін, көгілдір түстер суық түске жатады. Олар аспанның, қарлы даладағы кешкі ымырттың түсі. Жылы түске де, суық түске де жататын түстер бар. Мәселен, жасыл түс. Ол жасылға не сары, не көк түстің қосылуына байланысты. Бояуларды бір-біріне қосу арқылы суретші жаңа түс табады. Көк пен қызылды қосып не күлгін көк, не солғын қызыл түс алуға болады. Ол әлгі екі бояудың қайсысының көп жағылуына байланысты. Көк пен сарыдан жасыл, ал сары мен қызылдан ал қызыл түс шығады.
Бұрын әңгіме болған импрессионист суретшілер бояуларды өйтіп бір-біріне араластырмаған. Олар түстерді әр түрлі бояуларды шоғырландырып қатар жазу арқылы құбылтқан. Импрессионистердің шығармаларына алыстан тұрып қараған жөн. Олардағы бояулардың бір-бірімен астасып жаңаша құбылатын сипатын тек сонда ғана байқауға болады.
Жарияланған-2016-11-17 13:03:56 Қаралды-20572
ЖАППАЙ ЗАҚЫМДАУШЬІ ҚАРУ

Жаппай зақымдаушы қару - адамдар мен хайуанаттардың арасында жаппай шығып тудыратын үлкен зақымдаушы күшке ие.
ТОРҒАУЫТ

Торғауыт - теріден қабаттала жасалатын сауыт түрі. Ауыз әдебиеті үлгілерінде көбінесе «тоғыз қабат торғауыт» және «бес қабатты сауыт» жайлы жиі айтылады. Торғауытты жасау үшін қалың теріден жалпақтау таспалар тіліп алып, оларды бірнеше қабаттап жабыстырад
КУН – БІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ЖҰЛДЫЗ

Бұлт жаппаған, түтін баспаған кезде Күннің жарықтығы, өткірлігі сондай, оған тура қарай алмайсың.
ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫ НЕМЕН ӘЙГІЛІ?

Әлемнің бұл кереметін еуропалықтар «Ұлы Қытай қорғаны» деп атаса, қытайлардың өзі «10 мың ли қабырғасы» дегенді білдіреді.
Жұлдызды жауынгерлер әлемді қалай өзгертті

1977 жылы алғашқы рет «Жұлдызды жауынгерлерді» көргеннен кейін Джеймс Кемерон қалааралық жүргізуші жұмысымнан кетті және кинематограф болуға бел буды. Фильмнің экран нұсқасы 1977 жылы көптеген ізбасарлардың, ойындардың санын, сонымен қатар «Жұлдызды жау