КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ТҮПНҰСҚА
Категориясы: Өнер
Әбілхан Қастеев (1904-1973 жж.). Турксиб.
Біз картинаны не мүсінді көріп: «Бұл түпнұсқа ғой», - деп ерекше ізет білдіреміз.
Суретшілердің, мүсіншілердің шығармасымен танысу үшін кітаптар мен журналдардағы репродукцияларды қарасақ та жеткілікті сияқты. Сүйте тұра, жұрт сурет галереясы мен музейлерге неге барады?
Түпнұсқаны көру үшін жұрттың басқа қалаларға, тіпті басқа елдерге сапар шегетіні қалай?
Суретші кенепке тек әдемі көріну үшін ғана қалам тигізбейді. Ол қолына қаламды тек өзіне ұнаған адамның, өлкенің көрінісін бейнелеу үшін де, не бір оқиға туралы айтып беру үшін де алмайды. Жоқ, ол өз шығармасын өзі бейнелеп отырған құбылыс жайлы өз ой, өз сезімін, білдіру үшін өзінің бүкіл жан-дүниесін жарқыратып жайып салу үшін туғызады. Шығармамен танысу - оны жарыққа әкелген адаммен танысу. Картина тек оның қаламының ізін ғана емес, бүкіл жан-сырын паш етеді.
Біз картинаның алдында тұрып, оның авторының айтпақ ойын білуге тырысамыз. Оған неғұрлым ұзағырақ үңілсек, авторының жан дүниесіне де солғұрлым молырақ қанығамыз. Қандай керемет көшірме болса да, түпнұсқаның дәл өзіндей әсер ете алмайды. Өйткені көшірмеші өз жұмысының үстінде автор кешірген жан азабын, жан тебіренісін бастан өткізе алмайды.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-17 12:46:37 Қаралды-3343
ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН АЙВА

Мұқият жуылып, өзегі алынған айва азғана суға салынып пісіріледі. Оның қайнатпасынан қою шырын жасалады.
БИАТЛОН ТАРИХЫНАН

Биатлон ... «атлон» грекше «күрес» деген сөз. Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысанына көздеп атып өнер көрсетеді.
НАУАТ (кинза шекері)

Жіпке ілінген ірі, жылтыр, мөлдір келетін қанттың бір түрі. Оны жасау үшін құмшекер және қосымша материал ретінде ақ жіп пайдаланылады.
СӘУЛЕ АУРУЬІ

Сәуле ауруы - бұл иондаушы сәуленің организмге әсер етуінен пайда болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруының адамда жедел (жоғары сәуле дозасын алған жағдайда) және созылмалы (егер төмен сәуле дозасын жиі алса) түрі болуы мүмкін.
ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.