UF

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПРОПОРЦИЯ

Категориясы: Өнер


 

Бұл латынның «proportio» - «үйлесім», «сәйкестік» деген сөзінен шыққан. Ол қандай да зат болмасын оның жеке-жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді. Мына бір адам сымбатты кісі дейтін болсақ, оның дене мүшелерінің тұлға тұрпатына лайық белгілі бір үйлесіммен жаралғанын айтқанымыз.

Алайда, барлық адам ондай келісті үйлесіммен жарала бермейді. Мәселен, аласа, тапал адамның басы қалған денесіне қарағанда үлкен болып келеді де, ал ұзын адамның бас сүйегі, керісінше өзге мүшелерімен салыстырғанда айта қаларлықтай шағын көрінеді.

Поликлет. Дорифор мүсіні.

Біздің заманымыздан бес ғасыр бұрын Грецияда Поликлет деген атақты мүсінші өмір сүрді. «Дорифор» деп аталатын тас мүсін жасады.

Жаңа ғана найза лақтырудан бөсекелесін жеңіп шыққан жас найзагер тұр. Тұрысы нық, жүзі сабырлы. Мүсінші жас жігіттің қары мен балтырының білем-білем бұлшық еттеріне, алпамса нығына айрықша коңіл бөлген. Поликлет Дорифордың сұлу тұлғасын сәйкестік теориясына сүйеніп, әдейі есеппен бейнелеген.

Ол «Канон» деген кітабында сәйкестік туралы өз қисынын егжей-тегжейлі дәлел дейді. Оның тұжырымынша, кісінің басы бойының 1/7, беті мен алақаны - 1/10, ал табаны - 1/6 бөлігіндей болуға тиісті.

Ежелгі мүсіншілер адам тұлғасын бейнелеуде Поликлеттен көп өнеге алған.

Дорифор мүсінін олар адамның дене құрылысының дұрыс бітімінің бірден бір үлгісі - каноны деп есептеген.

 

  Жарияланған-2016-11-16 21:33:16     Қаралды-3905

Мәлімет сізге көмек берді ма

АТ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Моторсыз, аттың күшін пайдаланып жарыс жолына шығу жүректілер ісі деуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Жер шарында теңіздер, өзендер мен көлдер көк түспен бейнеленгенін білесіздер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЛАҚАЙ НЕГЕ КҮЙДІРЕДІ?

...

Туралған пияздан басқа бірде-бір өсімдік балалардың көз касын дәл осындай көлдеткен емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЧИЛИ АРХИПЕЛАГЫ

...

Оңтүстік Чили жағалауын қуалай жатқан аралдар жүйесінің жалпы аты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »