ПАННО МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ
Категориясы: Өнер
Панно монументтік бейнелеу өнерінің шығармасына жатады. Ол негізінен үйдің ішкі не сыртқы қабырғасын безендіреді. Ол да картина сияқты кенепке бояумен салынады. Дайын панно жақтауға керіліп, залдағы, бөлмедегі, вестюбльдегі өзіне арналған орынға апарып ілінеді. Сондықтанда ол өзінің көлемі, түрі, түсі жағынан үйдің құрылысымен жарасым тауып тұруға тиіс. Мынау - суретші М. Врубель салған панно. Оның колориты қабырғаның түр-түсімен, композициясы - есікке қалдырылған ойықпен қалай үйлесіп кеткен десеңші.
Үйдің сыртқы қабырғасына ілінетін панно түрлі-түсті текше тастардан жасалған. Мәскеудегі Оқушылар Сарайының кіре берісінде ойнап жүрген пионерлерді бейнелейтін үлкен панно бар. Ол әдемі қызыл, сары, алтын түстес, қоңыр - сан қилы әдемі текше тастардан қиюластырып жасалған.
Төменде керамикадан жасалған панно көрсетілген.
Жарияланған-2016-11-16 20:23:51 Қаралды-4777
ЕЖЕЛГІ ОТЫРАР

Есте жоқ ерте заманнан бастап, Сыр бойында қыстап, көктем шыға малын Сарыарқаға, Оңтүстік Сібірге қарай, кузге таман - қайтадан Сырға қарай айдап-бағып күнелтуді дәстүрге айналдырған дала тайпалары өзара тікелей қарым-қатынаста болып келгендіктен, бірте-б
БАЛҚАЙМАҚ

Үн түсі алтындай сарғайғанша шала қуырылады. Содан соң оған қаймақ, бал қосып, араластырылады.
СИЫР ҚАЛАЙ ЖАРАТЫЛДЫ?

Дәстүрлі сенімде төрт түлік кез келген адамға емес, іске, шаруаға қыры бар жанға бітетіндігін қазақ «Сиыр қалың нуға, қоры үзілген қуға бітеді» деп мақалдаған.
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

Бітікші - көшірмеші, хатшы, іс жүргізуші адам. Бұл лауазымды орта ғасырлардағы Орталық Азия мемлекеттері қолданған. Кейде олар басшы қызмет те атқарған.
СУҒА ШЫҚҚАН МАҢЫЗЫ - 30 ТҮРЛІ ҚАРАПАЙЫМ ИНГРЕДИЕНТТІ СОРПАЛАР

Сорпа - ас қорыту органдарының жұмысын жақсартатын, адамның тәбетін ашып, тіпті бойын сергітетін тағам.
МАРСТЫҢ ТҮСІ НЕГЕ ҚЫЗЫЛ?

Егер сендер түнгі аспанда өздеріңе қарап жымың қағып тұрған қызыл жұлдыз көрсеңдер бұл - Марс дей беріңдер. Марс - біздің Жердің ең жақын көршісі.